Америкалық стюардесса Сьерра Мист TikTok желісіндегі парақшасында видео жариялады, онда ол бортсеріктердің ұшақ бортына кірген жолаушылармен амандасуының жай ғана ілтипаттылық еместігін айтты, - деп хабарлайды Express.
Осы арқылы бортсеріктер лайнердің болашақ жолаушыларына баға береді. Әсіресе, олар төтенше жағдай кезінде экипаж мүшелеріне көмектесе алатын адамдарды іздейді: дәрігерлер мен медбикелер, әскерилер, полиция қызметкерлері мен бұрынғы бортсеріктер.
Мисттің айтуынша, бортсеріктер мынадай жолаушыларға назар аударады: "денсаулығы мықты, салқынқанды, бортсеріктерді айтқызбай-ақ түсінетін және физикалық жағдайы өте күшті адамдарды".
Сонымен қатар, әуе саласының мамандары көмек қажет болуы мүмкін адамдарды да бақылайды. Видео авторының айтуынша, бортсеріктер көбірек мәлімет алу үшін жолаушылармен әңгімелесуі мүмкін.