Стюардесса жолаушылардың қандай миға қонымсыз өтініштер жасайтыны туралы айтты

Әлеуметтік желіде танымал болған стюардесса борттағы жолаушылардың ең оғаш өтініштері мен сұрақтары туралы әңгімеледі. Ол TikTok желісінде жарияланған бейне-видеода тәжірибесімен бөліскен екен.

Мәселен, стюардессаның айтуынша, оған бір кездері әуе кемелерінің қозғалтқыштарының дауысын азайтуды өтінген екен, өйткені олардың шуы жолаушыға кітап оқуға кедергі келтірген. Сонымен қатар, осындай өтініштерге жолаушылардың ұшқыш кабинасын суретке түсіру туралы өтініштерін қосқан: "Мен сізге телефонымды берсем, кабинаға барып, сол жердегінің бәрін суретке түсіресіз бе? Мен сіздің артыңыздан бармаймын!" ,- деген екен кейбір жолаушылар.

Сонымен қатар, стюардесса кейбір туристердің ұшудан жалыққан кезде одан ән айтуды өтінгенін еске түсірді.

@taisacabincrew

как вам вопрос про песню? ? подпишись, у меня каждый день авиационные видео❤️ #стюардесса #посмотрелнаучился

♬ Hello - OMFG