Іссапарда жоғалған теміржол билетін қалай қалпына келтіруге болады

ҚТЖ

Жұмыс сапары кезінде асығып жүріп кейде отырғызу талоныңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін. Ал іссапар құжаттарын тапсырған кезде оны міндетті түрде талап етеді. Tengritravel.kz тілшісі "Талонды қалпына келтіруге бола ма?" деген сауалға жауап іздеп көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жұмыс сапары кезінде асығып жүріп кейде отырғызу талоныңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін. Ал іссапар құжаттарын тапсырған кезде оны міндетті түрде талап етеді. Tengritravel.kz тілшісі "Талонды қалпына келтіруге бола ма?" деген сауалға жауап іздеп көрді.

"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі мәлім еткендей, теміржол билеті жоғалды деп уайымдаудың қажеті жоқ. Себебі оны қалпына келтірудің оңай жолы бар. Жолаушылар жоғалған билеттің орнына жаңасын алу үшін онлайн қызметті пайдалана алады. Ол үшін не істеу керек?

Реклама
Реклама
Bilet.railways.kz сайтына кіріңіз. Сайттың басты бетіне өтіп, билеттерді сатып алу бөліміндегі "отырғызу талоны" деген жерге басыңыз. Қажетті деректерді толтырыңыз, содан кейін отырғызу талонын жүктеп алыңыз.

"Ыңғайлы онлайн қызмет жолаушыларға жоғалған билетті еш қиындықсыз қалпына келтіруге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар отырғызу талонын қалпына келтіру үшін билет кассасына жүгінуге болады. Жаңа талонды алу үшін электронды билет нөмірін, жөнелту күнін және станцияны көрсету керек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная