Жазғы демалысты алдын ала дайындалуды ұнататын жағдай: орын таңдау, билеттер мен қонақүйге тапсырыс беру. Бірақ кейде мұқият туристің өзі құр қол қалады. Kaztengritravel.kz тілшісі Aviata.kz-пен бірге күтпеген шығындардың алдын алу және үйге бос қалтамен қайтпаудың жолын айтып береді.
Бюджетті сауатты жоспарлау үшін сіз жұмсауға дайын соманы нақты анықтауыңыз керек. Демалыс уақытына ақшаны есептеудің екі әдісі бар:
- сапардың нақты бюджетін анықтаңыз және оған байланысты шығындарды жоспарлаңыз;
- өз қалауыңыз бен жайлылыққа қойылатын талаптардан бастаңыз.
Бұл кеңесті саяхатшылардың бірі бөлісті. Ол "қызықты сәттерден бас тартпай, ақшаны ақылға қонымды және қауіпсіз жұмсауды үйренген". Қыз сапар кезінде қозғалысын алдын ала жоспарлап, тұрғын үй, такси, тамақ және экскурсия бағаларын зерттеген.
Make-Trip порталы саяхаттауға және визаны өзіңіз жасаудан қорықпауға кеңес береді. Өйткені делдалдың қызметтері үшін екі немесе үш есе көп ақша төлеуге тура келеді. Оның орнына сіз өзіңізге жақын орналасқан консулдыққа немесе қажетті елдің визалық орталығына хабарласып, барлық қажетті құжаттарды жинап, виза алу үшін жүгінген жөн.
Көрнекі сурет ©Shutterstock
Арзан рейстерді іздеген кезде әрқашан есте сақтау керек басты ереже - билет неғұрлым ерте алынса, соғұрлым арзанға түседі. Сондай-ақ, әуекомпаниялардың акцияларын бақылау керек. Тағы уақыты тығын болып тұратын арзан турларды күте аласыз. Тек мұндайда дорбаңыз дайын тұру керек.
Тұратын жер іздеген кезде тек қонақүй емес, жекеменшік пәтерлерді жалға алуды да қарап көруге болады. Кейде мұндай орындар ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар арзанға шығады. Қалай болғанда да, қонақүйлерді іздеу, үйлерді жалға алу немесе каучсерфинг үшін көптеген мүмкіндікті алдын ала қараған жөн.
Такси - ең қымбат көлік. Қоғамдық көлікпен автобус, метро, пойызбен жүру әлдеқайда тиімді. Әуежайдан ұшып шыққанға дейін межелі жерге жетудің барлық нұсқасы туралы танысып алыңыз.
Жеңілдік купоны бар жол жүру билеті және қызметтерді пайдаланыңыз. Жол жүру билеттері көптеген елде бар, сондай-ақ көлік түріне, жарамдылық мерзіміне және қозғалыс аймағына байланысты жол жүру билеттерінің көптеген түрін пайдалануға болады. Сізге қай билет түрі ең қолайлы екенін қарастырыңыз. Көптеген танымал туристік қалаларда арнайы музей карталары бар, олар көрікті жерлерге баруға және кезек-кезек өтуге жеңілдіктер ұсынады.
Жергілікті тұрғындар көп жерде тамақтану ұсынылады. Тұрғындардың түскі асқа қайда баратынын бақылаңыз. Туристерге арналған мейрамханалар көбінесе бағаны көтереді. Тұрғындардың өздері баратын жерде сіз нағыз ұлттық тағамдардан дәм татып, көп ақша төлеуден құтыласыз.
Демалыс арзанырақ болуы үшін тәжірибелі саяхатшылар демалыс маусымынан тыс кезде баруға кеңес береді: әуе билеттері арзандау болады, қонақүйлердің бағасы қолжетімді, туристер көп жиналмайды. Көктем - саяхатқа шығуға қолайлы уақыт.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!