"Шағын мәзір, тыныш көше, жергілікті тұтынушылар". Саяхат кезінде мейрамхананы қалай таңдауға болады?

Саяхат бізді рухани байытып қана қоймай, күш-қуат сыйлап, ерекше тәжірибе береді. Шетелге саяхатқа шыға отырып, біз жаңа нәрселерді үйреніп, көкжиегімізді кеңейтеміз. Жаңа елді танып-білудің бір жолы - тағамдарының дәмін тату. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге шетелге сапар кезінде мейрамхананы қалай таңдау керектігі жайлы кеңес береді.

1. Алдын ала бірнеше жерді тауып алу қажет

Тамақтанатын жерді таңдамас бұрын, сіздің талғамыңызға сай келетін мейрамхананы белгілеп алыңыз. Tripadvisor қосымшасы мәзірге сай қажетті ақпаратты жинауға көмектеседі. Мейрамхана мен зал, мәзірдің фотосуреттерінен басқа, мұнда қонақтардың пікірлерімен танысып, орташа есепшотты білуге болады. Мейрамхананың өзіндік ерекшеліктері туралы да ақпарат (вегетариандықтарға арналған тағамдар, глютенсіз мәзір және т.б.) алуға болады.

MICHELIN нұсқаулығы да үлкен көмек болады. Мұнда сәнді люкс мейрамханаларды ғана емес, бағасы бойынша қолжетімді орындарды да таңдай аласыз. Сіз әртүрлі дизайнды немесе өзіндік мәзірімен ерекшеленетін кафені де таңдауыңызға болады. Бірақ есіңізде болсын нұсқаулық қала, мемлекет санымен шектеулі болуы мүмкін.

Екі ресурста сізге арнайы аспаздық сұранысыңызға қарай мейрамхана таңдауға көмектеседі. Таңдау барысында талғамыңызға сай фильтр қолдануды ұмытпаңыз. Егер сіз әйгілі аспазымен бірге сәнді мейрамханалардың бірін таңдаған болсаңыз, онда оған уақытында орын брондау қажет екенін ұмытпаңыз.


© Shutterstock

2. Қауіпсіздік хаттамалары мен жұмыс уақыты туралы ақпаратпен таныс болыңыз

Қазақстандық туристер таңнан кешке дейін жұмыс істейтін мекемелерге дағдыланған, бірақ басқа елдерде мұндай орындар болмауы мүмкін. Түскі ас кезінде ашылатын, содан кейін жабылатын және кешке қарай қонақтарды қабылдауды жалғастыратын мекемелер де бар. Тек кешкі уақытта жұмыс істейтіндерді де айта кету қажет.

Мәселен, Түркияда мейрамханалар мен кафелер қазіргі уақытта тек үйге жеткізіп берумен айналысады. Тапсырысты таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін бере аласыз. Қонақүй меймандарына таңғы, түскі және кешкі астарын қонақүй мейрамханаларында қабылдауға рұқсат етіледі.

Біріккен Араб Әмірліктерінде мейрамханалар әдеттегідей жұмыс істейді, бірақ онда ойын-сауық пен музыкаға тыйым салынған.

Мәскеуде жақында мейрамханалар әдеттегі жұмыс тәртібіне оралды. Түнгі уақытта мейрамханалар мен барларға жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда рестораторлар қонақтарды отырғызуда барынша санитарлық талаптарды сақтаулары қажет.

Киевте мейрамханалар жақында ғана ашылды. Бірақ балалар бөлмесі жабық, ал қонақтар саны шектеулі. Бішкекте мейрамханалар таңғы 8-ден түнгі 11-ге дейін жұмыс істейді.


© Shutterstock

Сонымен қатар, мейрамхананың жұмыс уақытын ғана емес, белгілі бір тағамдар қашан ұсынылатынын білу де маңызды. Максим Гринкевич теңіз өнімдерін дайындайтын мекемелерді бөліп көрсетеді.

"Теңіз өнімдерін мейрамханаға белгілі бір уақытта әкеледі, оны бірден дайындап ұсынады. Оның дәмін содан кейін одан бұрын да, кейін де тату мүмкін болмайды. Осыған орай турист мейрамхана белгілі бір уақыттарда ашық болса да, теңіз өнімдері әрдайым бола бермейтінін түсінгені жөн", - дейді ол.

3. Жергілікті тұрғындар қандай мекемелерді таңдайтынына назар аударыңыз

Мейрамхана деңгейін жергілікті тұрғындардың жиі баратын-бармайтынына қарай анықтауға болады. Егер келушілер мейрамхана қызметкерлерімен бұрынғы таныстарындай сөйлессе, онда мейрамхананың сенімді, тексерілгенін аңдауға болады. Сондай-ақ, келушілер санатына да назар аударған жөн: балалы отбасылар, бағасына қарамай тапсырыс беретін дос-жарандар тобы, олар әдетте, тұрақты қонақтар. Осындай адамдардың жиі-жиі келуі тамақтану орнының сапалы, асы дәмді екенін білдіреді.


© Shutterstock

Бір жағынан, мұндай мейрамханалар әр адамның "өзіндік ерекше" талғамына сай тағамдар ұсына алады, кейде ерекше дәмдеуіштерді де қолдана алады. Сондықтан дәмдеуіштердің мөлшеріне, ащылығына және тағамға қандай ингредиенттер қосылатынына аса мән берген жөн.

4. Таңдалған жердің мезгілі мен климаттық ерекшеліктеріне көңіл бөліңіз

Сол аймаққа тән тағамды таңдау қажет. Логистика мен тұрақты әуе хабарламасы да сіздің сол мейрамханаға деликатес өнімдерді ұсынатын күні келуіңізге кепілдік бере алмайды. Теңіз жағасында балық немесе теңіз өнімдеріне тапсырыс беріңіз. Биік таулы аймаққа немесе материктік жаққа сапар шексеңіз, ет тағамдарын таңдаңыз.

Мысалы, Еуропада аспаздық блогер Максим Гринкевич бөліскендей, мейрамханаға кіреберістің алдында мәзір жазылған тақтайшаны көре аласыз. Онда шеф-аспаздан ерекше тағамдар да болады. Күн сайын өзгеріп отырады. Олар негізгі мәзірден ерекшеленеді. Әдетте, тағамдар маусымдық ингредиенттермен дайындалады. Осындай ингредиенттерді шеф-аспаздар жақсы көреді.

Кейбір елдің тұрғындары әртүрлі дәмдеуіштерді ұнатады. Бұл әсіресе экзотикалық елдерге қатысты. Мұндай сапарға шыққанда өзіңізге таныс тағамдар болмағандықтан, асқазаныңыз осындай сынақты көтере алатынына сенімді болуыңыз қажет.


© Shutterstock

5. Жаяу аралайтын аспаздық экскурсияларды таңдаңыз

Ttravelzoo.com сайтының хабарлауынша, әлемнің көптеген қалаларында гидтер тек көрікті жерлерді көрсетіп қана қоймай, туристерді ең танымал мейрамханаларға апарады. Сіз өзіңіздің уақытыңызды бағалайтын болсаңыз, онда бұл қызмет сізге арналады, себебі, жақсы мейрамхана іздеп, көшедегі адамдардан, қонақүй қызметкерлерін сұрап, ғаламторда уақытыңызды жоғалтпайсыз, сонымен қатар, білікті гид сіздің талғамыңызға сай орындарды ұсына алады.

Мысалы, Ыстамбұлда мұндай экскурсияда сізге түрлі тәтті ұсынылады, сіз балық-екмек, фаршталған мидии, симит-тоқаш және тағы да көптеген тағамның дәмін татуға болады.

Грузияда хачапури, хинкали, тұздалған тағамдар, харчо және басқа да дәстүрлі тағамдар ұсынылады.

Таиландтағы гастрономиялық тур туристерді том-ям сорпасымен, пад-тай кеспесімен, ям-нуа салатымен және карри дәмдеуішінің барлық түрлерімен қуантады.

6. Мәзірдің қаншалықты жеңіл болуы, соншалықты жақсы болады

Жақсы мәзірдің бір бетте көрсетілгені жөн, өйткені тағам саны көп болса, соғұрлым тапсырыс аз беріледі. Сондықтан мұздатқышта бірнеше күн, тіпті бірнеше апта бойы тұрып қалған нәрсеге тапсырыс беру қаупі де болады.

"Өнімдердің жарамдылық мерзімі әртүрлі, бірақ барлық өнім қысқа уақытқа ғана сақталады. Өнімдердің сапасы әрқашан бірінші орында тұрары анық. Дайын тағамдар вакуумдық қаптамада немесе тағамдық пленкада сақталады. Біріншісінде дайын тағам 21 күн сақталады, екіншісінде әлдеқайда аз. Жартылай фабрикаттар, мысалы, шикі ет тағамдары мұздатқышта екі аптаға жуық сақталады", - дейді Алматы мейрамханаларының бірінің креативті директоры Әйгерім Мұсағажинова.

Фотосуреттері бар және ағылшын тіліндегі мәзірлер көбінесе бұл жерге келуі екіталай туристерге арналады.

7. Туристік бағыттардағы мейрамханалардан аулақ болыңыз

Qastack.ru порталы туристік жерлердегі мейрамханалар көбінесе тәжірибесіз саяхатшыларға арналған деген түсінік қалыптасқанын айтады. Мұнда бағалар жоғары болады, сондықтан сізге негізгі көрікті жерлерден алыстау мейрамханаларға баруға кеңес береміз.

© Shutterstock

8. Тапсырыс бермес бұрын тазалық бөлмесіне барып алғаныңыз жөн

Көптеген қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлерінің ойы әжетханасы таза болса, ас үйде де гигиеналық нормалар жақсы сақталады деген пікірге саяды. Сондықтан, тапсырыс берер алдында "қолыңызды жууға" барудың пайдасы зор.

9. Төлем әдісін алдын ала таңдаңыз

Investopedia.com сайтына сәйкес MasterCard және Visa ең жиі қолданылатын карточкалар, ал AmericanExpress, Discover және DinersClub сирек кездеседі. Сондықтан, әдетте өзіңізбен қолма-қол ақша алып жүрмесеңіз, картаңыздың таңдалған мейрамханада қабылданатындығына көз жеткізіңіз немесе алдын-ала қажетті соманы дайындап қойыңыз. Қазір коронавирус пандемияға байланысты көптеген елдер қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуде, бірақ біз шетелдегі қағаз ақшалардан толық бас тартуға кеңес бермейміз. Кез келген жағдайда аз мөлшерде болса да, жергілікті валюта қалтаңызда болғаны дұрыс.

Сонымен қатар, сіз тағам мен қызмет көрсетуге риза болсаңыз, даяшыға қалай алғыс айту керегін білу де пайдалы болады. Көптеген елде стандартты тариф қызмет сомасының 10 пайызын құрайды. Сондай-ақ, АҚШ-та шайпұлын беру міндетті, ал Жапония мен Қытайда даяшыға шайпұлын қалдыру міндетті емес.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.