Семей қаласы туралы айтқанда бірінші кезекте ойыңызға не келеді? Біразымыз бірден Шығыс Қазақстан облысы, Ертіс, Семипалатинск полигоны дейтініміз анық. Шындап келгенде бұл қаланың тарихы өте бай әрі қызықты. Kaz.tengritravel.kz сіздерге Семей туралы көбірек мағлұматтарды ұсынады.
#1 Семей қаласы будда шіркеулерінің орнында салынған
Сурет ашық дереккөздерден
Мұны қаланың атауы растайды - Семипалатинск. Ол жеті буддалық қалмақ храмдарының атына берілген, олар жоңғардың Доржинкит қонысынан алыс емес жерде өмір сүрген. Бұл туралы орыс зерттеушілері XVII ғасырдың басында жазған. Сондай-ақ, олар храмның жиілеген қазақ-жоңғар соғыстарының салдарынан бұзылып жатқанын жазған.
1734 жылы зерттеуші Г.Ф. Миллер сарайлардың жартылай бұзылғанын анықтаған: "Жеті-Палат" деп аталған мекен Ертіс өзенінің шығыс бөлігінде орналасқан... Қалмақтар оны Дархан-Зорджин-Кит (моңғол тілінде) деп атайды. Оның қашан болғанын ешкім білмейді. Түменде... мен мұрағаттан патша Михаил Федоровичтің 1725 (1616) жылы 25 қазандағы алғыс хатын таптым, онда бұл ғимараттарды "тас мешіттер" деп атаған. Бәлкім олар осы дәуірге жататын шығар. Материалдарға сәйкес, оларды ежелгі деп айту қиын. Алғыс хаттың өзінде осы сарайдың көне замманнан келе жатқаны туралы айтылса да, мен оған аса назар аудармай, оның ерте заманға жатқызбас ем".
#2 Семей бекінісінің құрылысы алтын дүрлікпесіне байланысты
XVIII ғасырдың басында осы жеті буддалық палаттардың маңында Яркенд өзені болды деген аңыз болған. Ондағы алтынның көп болғаны соншалық, оны кілеммен шығаруға мүмкін болған. Алтынға толы аймақ туралы хабар Сібір губернаторы Матвей Гагаринге жеткен. Ол император Петр Біріншіден Ертіс өзеніне экспедиция жасауға рұқсат алады. Оның басты мақсаты алтын іздеу болған.
Бірінші экспедиция нәтижесіз болған. Жалпы, барлығы да солай болған. Бес жыл бойы қазіргі Семей айналасында алтын жаппай іздестірілді. Уақыт өтіп жатты, алтын табылар емес, сондай-ақ, аңыздағы Яркент қаласының іздері де табылмаған. Алтын толы аймақ туралы аңыздар мен өтірік әңгімелер біраз адамды қинағаны сөззсіз. Алайда Семей маңы шынында алтын қорына бай болып шыққан! Бүгінде бағалы металл сегіз кен орнында өндіріліп жатыр.
#3 Семей өз мекен-жайын төрт рет ауыстырған
Сурет ашық дереккөздерден
Тарихшылар Семей қаласының негізі 1718 жылы қаланғанын жазады. Бірақ бұл біз білетін әрі біз үйренген Семей емес. Ол кезде қамал қазіргі қаладан өзен ағысының бойымен 18 шақырым жерде орналасқан. Ол жер өте сәтсіз таңдалуына байланысты орны ауыстырған! Ол сайда орналасқан, кез келген жау төбеден бақылай алатын болған. Сондай-ақ, Ертіс өзенінің арнасы тасып, біраз жұртты әбігерге салатын болған.
Сол себепті Семипалатинск қамалының орнын ауыстыруға тура келген. Алайда екінші және үшінші орындары да сәтсіз болып шықты. Тек 1780 жылы қамалдың негізі орны бекітілді, ол қазіргі Семей қаласы орналасқан жер. Барлығы да инженерге (капитан И.Г. Андреев) байланысты. Ол қаланы қайта тұрғызып қана қоймай, көпір салып, әскери бекіністердің жоспары мен картасын сызған.
Семейдің алғашқы орны бүгінде қалалықтардың демалыс уақытын өткізетін орын болған. Ол Ертіс жағасындағы қарағайлы орманда орналасқан. Ал төртінші бекініс - қазіргі Семей. Бастапқы қаладан қалыңдығы бірнеше метр болатын Ямыш қақпасы (салынған күні 1776 жыл) сақталған. Бүгінде бұл Семей орталығындағы әдемі тарихи нысан.
#4 Семейді бұрын құмды қала атаған
Қалаға келген орыс офицерлері "чертова песочница" деген атау берген. Бүгінде әдемі жасыл қалашықты және оның аралын көріп, олай айту қиын. Ал XVIII-XIX ғасырларда Семей көшелерін сусыма құм басқан, мүлде ештеңе шықпайтын, ал үйлердің сырты тұнжырап, күңгірт болатын.
Саяхатшы әрі америкалық журналист Кеннан былай деп жазған: "Бір жарым сағат серуендеу кезінде бірде бір жасыл алаң көрмедім, ағаштар мен бұталар да жоқ. Аяғымызды 5-6 фунт болатын құмның үстінде сүйретіп жүруге туралы келді".
Сурет ашық дереккөздерінен
Ал Григорий Николаевич Потанин Семейді шығыстық Одесса деп атаған. Ол "қаланың Сібірдегі басқа қалалардан айырмашылығы жер мен көктей" екенін жазды. Семей - бұл ортаазиялық шекарадағы Одесса. Алайда бұл теңеуім сынға ұшырауым мүмкін... Оның Одессаға ұқсайтын тек бір жері ғана бар - адам төзгісіз шаңды дауылы, осы себептен жергілікті тұрғындары оны "құм салғыш" деп атаған. Кемелердің орнына мұнда Түркістан мен Қытайдан келетін түйелер тізбегі бар. Айта кетейік, сол заманда Семей сауданың транзит орталығы болған. XVIII ғасырда күн сайын 11 мың түйе келетін болған.
#5 Семей Еуразияның дәл орталығында орналасқан
Нақты айтар болсақ, Еуразияның географиялық орталығы Семейден 40 шақырым жерде орналасқан. Орыс географиялық орталығының мәліметінше, қаладан сәл оңтүстік-батыста орналасқан.
Көптеген адамның ойынша, Еуразияның орталығы Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйіндегі ескерткіш белгісі "Еуразия құрлығының орталығы". Алайда ол тек символдық мәнде орнатылған. Географиялық тұрғыда ол негізі орталықтан 140 шақырым жерде орналасқан.
Семеймен тағы басқа қандай қызықтар байланысты?
Бұл ұлы филосов әрі жазушы Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің, суырып-салма әнші Әміре Қашаубаевтың және қазақ футболының Отаны.
Семейдегі аспалы көпір - ТМД-дағы жалғыз және әлемдегі 17-көпір.
Көптеген адамның есінде Семипалатинск ядролық полигон ретінде сақталуына байланысты Семипалатинск атауы 2007 жылы Семей болып өзгерді. Жаңа атау жергілікті Семей-Тау төбесіне байланысты берілген. Айта кетейік, атауы өзгеруі сәтті болған, өйткені көне түркі тілінен аударғанда Семей "рухани орын" деп аударылады.
Семипалатниск ядролық полигонында 1989 жылға дейін 500-ге жуық ядролық сынақтар жүргізілген. Семейдегі аралда полигон құрбандарына арнайы орнатылған ескерткішке "Өлімнен де күшті" атауы берілген. Монументтің жоғарғы бөлігінде жарылыс көрсетілген, ал төменде қасіреттен баласын жауып қалған ана отыр. Құлыптастың төменгі бөлігінде мынадай мазмұнды үндеу жазылды: "Уа, жаратқан ие, біз көрген зұлматты енді ешкімнің басына бере көрме! Қасиетті Жер-Ананың қасіретті азалы үні әлі естіліп тұр!".
Семейде бірінші кезекте Абайдың, Достоевскидің ерекше мұражайларын, Невзоровтар отбасының атындағы бейнелеу өнерінің мұражайларын, "Алаш қайраткерлері М. Әуезов" мұражайына барған дұрыс. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің туған жері Жидебайға бару мүмкіндігін жіберіп алмаңыз және Ертіс жағасында қарағайлы орманда демалуға да уақыт бөліңіз.
Мәтін авторы: Мадина Ашилова
Суреттер: Әлібек Бегалинов