Саяхатшы Аустралияның қорқынышты қырын көрсетті

Фото:depositphotos.com

Аустралияны аралау - таңғажайып тәжірибе. Алайда marta.everywhere лақап атымен танмал саяхатшы өз оқырманына мүлде басқа қырын – Жасыл құрлықтағы өмірдің тосын және қорқынышты жағын көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияны аралау - таңғажайып тәжірибе. Алайда marta.everywhere лақап атымен танмал саяхатшы өз оқырманына мүлде басқа қырын – Жасыл құрлықтағы өмірдің тосын және қорқынышты жағын көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Марта түсірген видео желіде танымал болып жатыр. Онда қыз Аустралиядағы демалысының күтпеген және қорқынышты жағын көрсетеді. Жазбада жуынатын бөлмені толығымен өрмекшілер басып алғаны көрсетілген. Бойжеткен мұндай құбылыс Аустралияда сирек емес екенін атап өтті.

Бейне тез арада желіге тарап, 2,5 миллионға жуық қаралым жинаған. Желі қолданушылары өздерінің қорқынышы мен таңданысын жазған, көпшілігі Мартаға тек туристік орындарды ғана емес, Аустралиядағы шынайы өмірді көрсеткені үшін алғыстарын білдірген.

Реклама
Реклама

"Енді мен Аустралияда неге өрт көп екенін түсіндім", "Шынымды айтсам, бұл жағдайда не істегеніңізді білгім келеді", "Аустралияға ешқашан бармаңыздар", "Мен Аустралиядан 17 сағат және екі мұхит қашықта орналасқанына қуаныштымын", - деп жазды пікір білдіргендер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная