Саяхат кезінде үнемдеу: ең тиімді 14 қосымша

Саяхат кезінде ақша үнемдеу үшін алдын-ала қамданған жөн. Кез-келген туристке пайдалы болатын ыңғайлы қосымшалар баратын елдің қыр-сырын зерттеуге және тиімді тұстарын табуға көмектеседі. Сонымен ең тиімді жақтарын қалай таңдауға болады? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге саяхат кезінде ақша үнемдеуге көмектесетін қосымшалардың тізімін жасады. Одан сіз қонақүйді дұрыс брондауды, экскурсияны қалай ұйымдастыруды және автокөлікті қалай тегін жалдауға болатыны туралы мәліеттерді таба аласыз.

Қонақүй мен апартамент брондау

HotelLook қосымшасы әлемдегі қонақүйлер мен хостелдердің бағаларын салыстыруға мүмкіндік береді. Қызмет Agoda.com, Hotels.com, Booking.com және басқа танымал брондау жүйелерінен орналастыру опцияларын іздейді және сізге ең тиімді бағаны ұсына отырып, үнемдеуге мүмкіндік береді.

Pruvo брондаудан кейін бағалардың өзгеруін қадағалайды, егер баға түсіп кетсе, бағдарлама сізге хабарлама жібереді, сондықтан сізге бөлмеңізді төмендетілген бағамен қайта брондауға болады. Оның көмегімен сіз қонақүйді брондаған веб-сайтқа қарамастан ақша үнемдей аласыз.

Couchsurfing қосымшасының көмегімен сіз жергілікті тұрғындармен танысып, тіпті түнеуге мүмкіндік аласыз. Couchsurfing сайтқа тіркелгеннен кейін қонақтарды қабылдауға немесе басқа қатысушыларға саяхаттап бара аласыз. Шығынның көп мөлшері түнеуге кететіндіктен, бұл қызмет саяхат кезінде ақша үнемдегісі келетіндерге өте ыңғайлы.

Dayuse қосымшасы сізге бірнеше сағатқа қонақүй қажет болса, өте тиімді. Мысалы, қонақүй нөмірлерін сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін брондаған кезде, баға түнеу құнынан 75 пайызға төмен болуы мүмкін.

Meetup-та сіз жергілікті тұрғындар мен басқа саяхатшылар арасында ортақ қызығушылығы бар адамдарды таба аласыз. Сондай-ақ, бағдарлама сізге жақын жердегі арзан немесе тегін іс-шаралар мен кездесулерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Автокөлік жалдау

Rentalcars – географиялық жағынан ауқымды, әлем бойынша 60 000-нан астам нүкте бойынша жалға беруші компаниялардың бірегейі. Сервис әйгілі Hertz, Alamo, Avis, Sixt, Budget, Europcar, Dollar, Thrifty автокөлік жалдау компанияларының ұсыныстарын салыстыруға көмектеседі. Брондауды айыппұлсыз кері қайтаруға болады. Пайдаланушылардың назар аударатын ең жағымды жағы - бұл қызмет тұрақты клиенттер арасында жиі акция ұйымдастырады, онда сіз автокөлікті тегін жалға ала аласыз.

Жүргізушілердің айтуынша, қосымшаның ыңғайлы интерфейсі бар, сонымен қатар олар ақша үнемдеуде өте тиімді. Бірақ олар сақтандыруды сол жерде, жалға беруші компанияларда жүзеге асыруға кеңес береді, бұл сізді сақтандыру салымын төлеуден сақтайды.

Қаражат

Trail Wallet қосымшасы қалтасы қалың емес саяхатшыларға үнемдеуге көмектеседі. Сіз қолыңыздағы соманы көрсетесіз және қызмет сіздің күнделікті лимитіңізді есептейді. Барлық шығындарыңызды қосымшаға енгізу арқылы сіз бүгін қанша ақша жұмсай алатыныңыз туралы мәлімет аласыз.


© Shutterstock

Гид қызметі

Саяхатқа өз бетіңізше барыңыз, қосымшаны жүктеп алып, құлаққап киіп, экскурсиядан ләззат алыңыз. Azbo сіз үшін бірнеше бағыттар ұйымдастырып, сұранысыңызға сәйкес экскурсияны таңдайсыз. Бағдарлама роуминг кезінде ақшаны ысырап етпеу үшін карталарды алдын-ала жүктеуге мүмкіндік береді. Ол оффлайн режимінде де жұмыс істейді. Алайда мұнда қалалар онша көп емес, саны 60-тан сәл асады. Бұл негізінен Еуропа елдері, олардың көпшілігі қазір қазақстандық саяхатшылар үшін жабық. Бірақ сіз бұл қосымшаны, мысалы, Стамбулда, Мәскеуде, Санкт-Петербургта, Калининградта, сондай-ақ Германия мен Нидерланды Корольдігінде пайдалана аласыз.

Izi.TRAVEL қосымшасы жұмыс жасамайтын ел кемде-кем. Бұл аудио нұсқаулық тек қалалар (көшелер, кварталдар, ғимараттар) туралы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі мұражайлар туралы баяндайды. Сонымен қатар, қосымшаның пайдаланушылары өздерінің жеке оқиғаларымен бөлісуге мүмкіндік алады.

Мекемелерді іздеу

TripAdvisor - туристердің пікірлерімен бөлісетін әлемдегі ең ірі туристік платформа. Әрине, мұндағы пайдаланушылар көбінесе саяхат кезінде ақшаны қалай үнемдеу керектігін жазып, ойларымен бөліседі.

© Shutterstock

Musement БАӘ мен Түркияға сапар шегетіндерге пайдалы болады. Қызмет сізге мейрамханалар, барлар, көрнекті орындар, серуендеуге болатын басқа да жерлерді нұсқап, экскурсиялар ұсынады. Қазір қосымшада әлемдегі 300-ден астам танымал бағыттар туралы ақпарат бар.

Flush сізге ең жақын қоғамдық дәретхана қай жерде екенін айтады. Қосымшада ол ақылы ма, жоқ па, оны пайдалану үшін кілт қажет пе, дәретхана мүмкіндігі шектеулі жандарға жарамды ма, жоқ па, соны да көрсетеді. Қолданба Google Play және App Store дүкендерінде қолжетімді.

Where is publik toilet қосымшасы да осындай қызмет түрін көрсетеді. Қосымшаны Google Play-ден жазып алуға болады.

App Store дүкенінде Toilet Finder қосымшасы да бар, ол сізге ең жақын дәретхананы табуға көмектеседі.

Сіз саяхат кезінде ақша үнемдеуге болатын қандай қосымша ұсына аласыз?

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.