Саяхат адам өміріне оң өзгерістер әкелетіні жайлы не білесіз?

© pixabay.com

Басқа елге саяхаттап, ел-жер аралау адам өміріне айтарлықтай оң өзгерістер әкелері анық. Саяхатқа шыққан жандар өз сапарларын қанша уақыт өтсе де ерекше сезіммен еске алады. Мұны түсіну қиын емес, себебі өзге елге саяхаттау адамның психологиялық жай-күйіне тікелей әсер етеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Басқа елге саяхаттап, ел-жер аралау адам өміріне айтарлықтай оң өзгерістер әкелері анық. Саяхатқа шыққан жандар өз сапарларын қанша уақыт өтсе де ерекше сезіммен еске алады. Мұны түсіну қиын емес, себебі өзге елге саяхаттау адамның психологиялық жай-күйіне тікелей әсер етеді.

Бұл туралы психолог Ольга Солоненко мен 95 елде болған тәжірибелі саяхатшы Александр Цой баяндайды. Толығырақ Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі материалынан оқи аласыз.

Ой-сананы кеңейтеді

Реклама
Реклама

Тәжірибелі саяхатшы Александр Цойдың айтуынша, саяхат адамның ой-өрісі мен көкжиегін кеңейтеді.

"Сіз көп көресіз, көп адамдармен кездесесіз, тарихи ескерткіштерді аралайсыз. Мен әр елдің мұражайына барғанды ​​ұнатамын. Мен көптеген мұражайларды араладым, олар әртүрлі: танымал, аз танымал, өте кішкентай және арнайы мұражайлар. Мұражайлар сол ел жайлы белгілі бір көрініс қалыптастыруға септігін тигізеді.

Әр елдің тарихымен танысқанда, сіз оған етене жақындап, біте қайнасып кеткендей боласыз, бұл сіздің сана көкжиегіңізді айтарлықтай кеңейтеді. Сіз көп нәрсені түсінесіз. Саяхаттау көп нәрсені үйретеді, әрі жергілікті адамдармен араласып, олардың менталитетін түсінуге тырысасыз", - дейді саяхатшы.

Психикалық саулығыңызды нығайтады

Психолог Ольга Солоненко саяхаттаудың пайдасы туралы айта келе, әр адам жылына кемінде бір рет, дұрысы жылына екі-үш рет саяхатқа шығуы керек екенін айтады.

"Көпшілігіміз жұмыс істейтіндіктен, ал кәсіптік сала шиеленіс пен стрессті тудыратындықтан, саяхат психиканы нығайтып, қалпына келтіруге, ресурс және жаңа күш жинауға мүмкіндік береді. Саяхат біздің психикалық әлемімізді басқа жаңа әсерлермен толтырып, жаңа сезімдерді бастан кешіруге көмектеседі. Бұл бізге кәсіби ортаға демалып, жаңа күш жинап оралуға және іс-әрекеттерімізді жүзеге асыруға немесе балаларға күтім жасауға жаңа құлшыныспен кірісуге мүмкіндік береді", - деп есептейді психолог.

Маманның пікірінше, саяхаттау бізге "психикалық кеңістігімізді тазалауға" көмектеседі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, психикаға белсенді немесе пассивті саяхат деген біржақты жауап жоқ. Ол адамның мінезі мен темпераментіне тікелей байланысты таңдалады.

Фото: Pixabay

Жанға шипа

"Жұмыс пен тұрмыстық күйзеліс адам бойына жинақтала береді. Ал егер адам ұзақ уақыт осы күйзелісте болса, онда жүйке жүйесі зардап шегеді, психосоматикалық реакциялар дамиды. Адам ауыра бастайды.

Тиісінше, сіз жылына кемінде бір рет демалуыңыз керек, тіпті егер бұл шетелге сапар болмаса да, бұл үйде демалу, сіз жұмыстан, зияткерлік қызметтен алшақтай аласыз, бұл өте үлкен энергияны қажет етеді. Ал біз демалысымызды жоспарлауымыз керек, жылына екі рет болса, өте қолайлы. Осылайша біз психикалық денсаулығымызды сақтап, аурудың алдын аламыз", - дейді маман.

Көтеріңкі көңіл-күй

Сарапшылардың пікірінше, саяхатты жоспарлау, тұратын жер мен билет сатып алуға көп уақыт пен күш жұмсалады, бірақ мұның да пайдасы бар. Кішігірім стресс зиян тигізбейді, өйткені өзгеріс және күнделікті жұмыстан үзіліс жасап тұру бізді жинақы, икемді, қиын жағдайлардан шығу жолын табуға және тың шешімдерге келуге мүмкіндік береді.

Саяхатшы Александр Цой бұл пікірмен толықтай келіседі.

"Мен саяхатқа дайындалғанда, турды есептегенде, рейстерді, байланыстарды қарау мен үшін ең қызықты бөлігі. Барлығын бүге-шігесіне дейін ойластыру керемет көңіл-күй сыйлайды. Қонақүйді брондағанда, интернеттен қарап, әуежайдан қалай жетуге болады, қонақүйден оған қалай жетуге болатынын қарау маған ерекше сезім сыйлайды. Жаңа саяхатты жоспарлағанда, адам бойында ерекше көңіл-күй пайда болады",- деп бөліседі саяхатшы-блогер.

Саяхаттың әсері қанша уақытқа жеткілікті?

Психологтың пікірінше, әдетте жұмыстың қаншалықты ауыр болғанына және бұрынғы психикалық күйге байланысты. Әсері адамның өмір сүретін ортасына және оның жақындарымен, балаларымен және өзімен қарым-қатынасының қаншалықты сау болуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қарым-қатынас қаншалықты қанағаттанарлықсыз болса, соғұрлым психикалық денсаулыққа да күш түсері анық.

Фото: Pixabay

Депрессиядан арылуға көмектесе ме?

"Саяхат депрессиядан арылта алмайды, өйткені ол әртүрлі болуы мүмкін: депрессиялық күйлер бар, ал диагноз ретінде қойылған депрессия бар, бұл жерде депрессияның қаншалықты екенін анықтау өте маңызды.

Егер адамның депрессиялық күйі болса, сіз бұл депрессиялық күйлердің неден туындайтынын түсінуіңіз керек және бұл мәселені шешу үшін мұнда маман қажет. Ал саяхат бұл мәселеден біраз уақытқа ғана алшақтата алады, бірақ адам қайтып келгенде, ол қайтадан осы күйге енуі мүмкін.

Егер бұл ауру болса, онда медициналық қолдау қажет және мәселені шешу үшін психологпен ұзақ жұмыс істеу керек. Сондықтан, депрессиялық күйлер мен диагноз ретіндегі депрессия саяхаттау арқылы емделмейді.

Фото: Pixabay

Сонымен қатар, Ольга Солоненко атап өткендей, адамдар депрессиядан алыстау ғшін саяхатқа шығады. Бірақ іс жүзінде бұл өз жағдайынан қашу, ол саяхат кезінде де нашарлауы мүмкін, өйткені мәселе елден елге көшуде емес, мәселе адам өзін-өзі таппаған, өзімен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды немесе өзінің кейбір арман-мақсатын жүзеге асыра алмаған болуы мүмкін.

"Бұлай қашу өзіңізді табуға қайта кедергі келтіреді. Өйткені өзіңізді табу үшін ең алдымен тоқтап, "маған не болып жатыр?" деп ойлану қажет, - дейді психолог.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная