Сарапшылар ұшақтың сол жағына отырудың маңыздылығын айтты

© elements.envato.com/nateemee

Ұшақпен сапар кезінде демалу мен мызғып алу айтарлықтай қиын. Алайда орынды дұрыс таңдасаңыз... Саяхат саласындағы сарапшылар ұшақта үнемі сол жаққа отыруға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшақпен сапар кезінде демалу мен мызғып алу айтарлықтай қиын. Алайда орынды дұрыс таңдасаңыз... Саяхат саласындағы сарапшылар ұшақта үнемі сол жаққа отыруға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Терезе қасында отырсаңыз басыңызды сүйейтін орын болады. Ал ұшақтың сол жағында осындай тірек үлкендеу келеді. Бұл терезелердің ерекшілігінде. Сол жақ бөлікте терезелер тура ортада емес, есік барына байланысты аздап жоғары тұрады да, басты сүйеуге ыңғайлы.

Реклама
Реклама

Сонымен қоса, сол жақта отырған адамды дәретханаға баратындар оятпай өтіп кететіндіктен, ешкім мазаламайды. Boeing компаниясының зерттеуінде сол жақ терезнің қасына отыру, өзге адамдармен байланысқа сирек түсетіндіктен жұқпалы ауыру-сырқауды жұқтыруды төмендетеді екен. Егер ортада отыратын жолаушылар орта есеппен 64 адаммен қарым-қатынаста болса, терезе қасындағы жолаушы тек 12 адаммен ғана байланысқа түседі-мыс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная