Психиатрлар жолаушылар неліктен ұшақта жиі жылайтынын түсіндірді

© pixabay.com

Ұшу адам денесіне көптеген әсер қалдырады, оның ішінде адамды эмоционалды ету де бар. Психиатр адамдардың ұшу кезінде неліктен жылайтынын ғылыми тұрғыдан түсіндірді, - деп хабарлайды TheSun.co.uk.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшу адам денесіне көптеген әсер қалдырады, оның ішінде адамды эмоционалды ету де бар. Психиатр адамдардың ұшу кезінде неліктен жылайтынын ғылыми тұрғыдан түсіндірді, - деп хабарлайды TheSun.co.uk.

Жолаушылар ұшу кезінде фильм көріп, жыларман болатындарын таңданыспен айтады. Олар мұның себебін өздері де білмейді. Флоридалық психиатр, доктор Рэнди Макинтош ұшудың эмоцияға қатты әсер ететінін айтады, себебі саяхат жиі стресс тудырады кейде келеңсіз жағдайлар да болып тұрады. Жолаушылар шиеленіске толы саяхаттың қалай әсер еткенін сезбейді.

Реклама
Реклама

"Сіз ұшаққа отырғанда, бәлкім күні бойы күйзелісте жүрген болуыңыз мүмкін. Әуеде эмоция босайды, құдды бір жерде ондай мүмкіндік жоқ секілді", - дейді ол.

Сонымен қатар, ұшу биіктігінде жолаушыларда гипоксия ( ағзадағы оттегінің төмен деңгейі) пайда болады. Бұл адамды өз кезегінде эйфорияға немесе әдеттегіден гөрі күйзеліске ұшыратуы мүмкін.

АҚШ Ұлттық медицина кітапханасының "Биіктіктің когнитивтік қабілеттер мен көңіл-күй жағдайы" атты зерттеуінде "биіктікте сезінетін бастапқы көңіл-күй - эйфория, содан кейін депрессия" деп атаған.

Сонымен, күйзелістің үйлесуі және биіктіктің денеге әсері эмоционалды жағдай туғызады, бұл жолаушылардың көз жасын төгу ықтималдығын арттырады.

Доктор Джоди Де Лука бұл бақылаудың жоқтығына байланысты болуы мүмкін деп санайды. Сарапшының айтуынша, ұшу тек психологиялық немесе эмоционалды емес, сонымен қатар физикалық және физиологиялық оқиға. Бұл эмоционалды осалдық жағдайы.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная