Өз мағынасы бар. Шетелге шығатын төлқұжат неге төрт түсте ғана болады?

Шетелге шығып жүрсеңіз төлқұжаттың төрт түсі ғана - қызыл, көк, жасыл және қара болатынын байқаған шығарсыз. Әлбетте сізде неге төрт қана түс және неге тап осы төртеуі деген сұрақ туады. Ал бұл бекер жасалмаған көрінеді. Толығырақ Tengritravel.kz материалында.

Қызыл

Төлқұжаттардың ең көп таралған түсі - қызыл. Егер алдыңызда төлқұжаты қызыл түсті адамды көрсеңіз, онда бұл Еуроодақ елдерінің бірінен немесе осы одаққа кіруге тырысып жатқан елдікі: Түркия, Албания немесе Македония азаматы. Сонымен қоса, қызыл түс бұрын немесе қазіргі таңда да коммунистік жүйедегі елден: Қытай, Румыния, Сербия, Словения, Грузия және әлбетте Ресейден.

Көк

"Жаңа әлемнің" символы көк түс - таралым жағынан екінші орында. Кариб бассейніндегі 15 елдің төлқұжаты осындай түсте. Ал 1976 жылдан бастап АҚШ азаматтарында да осындай құжат. Сонымен қоса, Аргентина, Бразилия мен Парагвайдың көк түсті төлқұжаттары бұл елдердің оңтүстікамерикалық Меркосур сауда одағында екенінің белгісі. Қазақстан азаматтарының төлқұжаты да осы түсте.

Жасыл

Мұнда бәрі оңай. Жасыл - Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі. Демек мұндай түсті құжаттарды ислам елдерінің азаматтары ұстайды. Одан бөлек Батыс Африка елдерінде де жасыл түсті құжат. Алайда мұның сыры қарапайым - бұл түс елдердің Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығына мүше екенін білдіру үшін ғана.

Қара

Ең соңғы қара түс, өте сирек кездеседі (әлемдік деңгейде әрине). Мұндай құжаттардың мұқабасы Жаңа Зеландия азматтарында, өйткен қара осы елдің ұлттық түсі саналады. Онымен қоса, Африканың біраз елінде де қара түсті құжат, атап айтсақ Ангола, Бурунди, Габон, Боствана, Замбия және Конгода.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!