Не себепті ұшар алдын чемоданды суретке түсіру керек?

Фото:depositphotos.com

Ұшу кезінде багажыңыз бүлінсе не істеу керек? Onmanorama сайтына сілтеме жасай отырып Tengritravel.kz тілшісі осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы кеңестерімен бөліседі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұшу кезінде багажыңыз бүлінсе не істеу керек? Onmanorama сайтына сілтеме жасай отырып Tengritravel.kz тілшісі осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы кеңестерімен бөліседі.

Әдетте багаж діттіген жеріне еш жері жыртылмай, бүп-бүтін күйінде жеткізіледі. Алайда ұшақта түрлі жағдай болуы мүмкін. Мәселен багажыңыз жыртылса, жарылса немесе осы тәрізді басқа да жағдайларға тап болсаңыз, сіздің багажыңыз зақым келген деп танылады. Көптеген әуекомпания бағалы заттарды, ақшаны, зергерлік бұйымдарды және электронды құрылғыларды багажға тапсырмай, ұшақ салонына алып кіруге кеңес береді.

Реклама
Реклама

Багажды бүлдіргені үшін әуекомпанияға жауапкершілік жүктеледі

Әуекомпания жолаушының багажына келтірілген кез келген зақым үшін жауап береді. Яғни компания жолаушыға келтірілген зақымды өтеп беруге, әрі оны қалпына келтіріп беруге міндетті. Бұл ретте егер багаж бұған дейін жыртылған болса немесе дұрыс қапталмаған жағдайда әуекомпания келтірілген залал үшін жауапкершілік арқаламайды.

Өтемақы ережелерінен тыс орын алуы мүмкін жайттар

Әдетте әуекомпаниялар жолаушыларға белгілі бір заттарды багаждан алып тастауды ұсынады. Егер ескертулерге қарамастан, бұл заттар багажға салынып, оны бүлдірген болса, жолаушыларға өтемақы берілмейді. Мұндай тыйым салынған заттарға электроника, қолма-қол ақша, зергерлік бұйымдар және т.б. жатады.

Сонымен қатар саяхатшылар бағалы заттарын сақтандыра алады. Алайда әуекомпаниялар багаж сөмкесінің немесе чемоданның дөңгелектеріне, тұтқаларына келтірілген залал үшін жауапкершіліктен құтыла алмайды.

Шағым жасау мерзімі шектеулі екенін ескеріңіз

Егер сіз ұшқаннан кейін багаждың зақымдалғанын байқасаңыз, шағымды белгіленген мерзімде жіберуге тырысыңыз. Мәселен ішкі рейстерде қонғаннан кейін 24 сағат ішінде шағым жасауға құқылысыз. Ал халықаралық рейстерде шағым жеті күн ішінде түсірілуі керек.

"Шағым түсірген кезде көп ақпарат беріңіз. Ұшарға дейін және одан кейін багажды суретке түсіріңіз. Шағымды негіздеу және өтемақы алу кезінде бұның көп көмегі тиетіні сөзсіз", - деп кеңес берді әуекомпаниялар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная