Демалыс – бұл жай ғана мекен ауыстыру емес, сонымен қатар мәдениетке, гастрономияға және тарихи жаңалықтарға бай бірегей әлемге тап болу. Аружан Жамашева Tengritravel.kz тілшісімен шығыс тылсымының атмосферасы мен су асты әлемінің сан алуандығына сүңгіп кеткен Мысырға сапарынан алған әсерін бөлісті.
Мысырдың табиғаты мен сұлулығы
Арал қаласының тумасы, 24 жастығы Аружан Гиза пирамидаларының ауқымына және жергіліктері мәдениетке таңғалғанын айтты. Маркетолог өзінің сапарына 10/10 деген баға берді.
"Мысырда отбасылық дәстүр бар, олар үй салған кезде жөндеуді соңына дейін аяқтамайды, яғни шатырды аяқтамай қалдырады. Бұл болашақта ұлы үйленгенде, бүкіл отбасы бір үйде тұруы үшін тағы бір қабатты жоғарылату үшін жасалады.
Гиза пирамидалары ең үлкен тосынсый болды. Бұл - қарапайым халықтың қолымен салынған зәулім құрылыстар. Біз дизайнның ауқымдылығы мен күрделілігіне таңғалдық", - деп бөлісті Аружан.
Дайвинг және шипа
Бойжеткен бұл сапарында су асты әлемін сүңгіп, ерекше әсерге бөленгенін айтты.
"Қызыл теңіздің су әлемі нағыз ғажайып. Балықтар мен маржан рифтерінің алуан түрі сізді ертегілер әлемінде жүргендей сезіндіреді! Таңғажайып су астындағы табиғи құрылымдар, флора мен фаунаның алуан түрі менің бойымдағы нағыз сүңгуірді оятты. Теңіздің тереңдігіне сүңгуім менің саяхатымды ұмытылмастай етті.
Елдің ылғалдылығы мен климаты тері ауруларына шалдыққан адамдарға көмектеседі, теңіз тұзы буындарды тамаша емдейді", - деді Аружан.
Жергілікті гастрономия
Аружан Мысырдан алған аспаздық әсерін қуана әңгімеледі. Ол үшін күтпеген жаңалықтардың бірі "косара" деп аталатын тағам болды.
"Бұл жергілікті дәмді тағамдар. Керемет дәм мен ерекше пішіннің үйлесімі. Ол жемістер, жаңғақтар және бал қосылған бидай қамырының шілтерлі тіліміне ұқсайды", - деп атап өтті саяхатшы.
Қонақжай тұрғындар
Маркетолог мысырлықтардың қонақжайлығын жоғары бағалап, әсіресе, олардың балаларға деген мейірімділігі мен ашықтығын атап өтті. Жергілікті тұрғындармен кездескен Аружан бірден қызықты жерлерге шақырту алған.
"Мысырлықтар қуаныш пен қонақжайлылық көрсетеді. Жергілікті тұрғындар өте еңбекқор. Бұл олардың қанында бар. Әркім қолынан келгенше табыс табады, бірақ бәрі жұмыс істейді. Менің естуімше, мұнда жалақы аз. Жергілікті тұрғындармен танысқаннан кейін сіз бірден әртүрлі жерлерге шақыру аласыз, олар осыған байланысты ашық. Мысырлықтар бұл жерде жұма демалыс күні екенін айтты. Жергілікті тұрғындар күндіз намаз оқу үшін мешітке барады. Ол кезде супермаркеттер де жұмыс істемейді.
Олардың балаларға деген ерекше көзқарасын атап өткім келеді: олар әрқашан және барлық жерде балалардың көңілін көтеруге тырысады. Біздің сүңгуір нұсқаушы жиеніммен бір сағат ойнап отырғанда, әпкем екеуміз Ақ аралдың сұлулығына тәнті болдық", - дейді ол.
Бойжеткеннің айтуынша, жергілікті полицияның туристерге деген көзқарасы ерекше. Адам алдағысы келеді, ұрлағысы келеді деген шамалы күдік болса, ол полицияға хабарласуға кеңес береді.
Бюджет және баға
Аружан мен әпкесі демалысты мұқият ойластырып, бір айға жуық уақыт бұрын жоспарлаған. Саяхатшының айтуынша, шығындар күткеннен жоғары болған.
"Әпкем екеуміз демалысымызды бір ай бұрын жоспарлаған болатынбыз, сондықтан баға біз күткеннен сәл жоғары болды. Турға "барлығы қосылған" деген пакет алдық. Бір адамға шамамен 450 000 теңге тұрды. Каирге экскурсия, дайвинг, жеңіл тағамдар, мейрамханалар мен массаж 200 000 теңге шамасында болды. Ең таңғаларлығы таксидің бағасы 1 доллардан 3 долларға дейін (500-1500 теңге)", - деп атап өтті маркетолог.
Өте маңызды да шұғыл жаңалықтар қазақша мына жерде – Massaget.kz сайтын оқыңыз!
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!