Мамандар суда қауіпсіз шомылудың бірнеше маңызды лайфхактарын атады

Қазақстанда шомылу маусымы биыл аяқталды деуге толық негіз бар, алайда жағажай демалысын ұнататындар үшін жылбойы шомылуға мүмкіндік бар. Кейбіреулер үшін шомылу маусымы - демалып, күнге қыздырыну болса, ал екінші біреулер үшін бұл - жұмыс. Маусымның басталуымен су қоймалары мен өзендер демалыс орнына айналғанымен, өкінішке орай, қайғылы жағдайлар да орын алып жатады. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге суда қауіпсіз демалудың бірнеше лайфхактарымен бөліседі. Бұл материал судан қорқатындар үшін де, суда сенімді жүзетіндер үшін де пайдалы болмақ.

Бір қызығы, үнемі алдын алу шаралары мен маусымдық ескертулерге қарамастан, адамдар қауіпті өзендер мен су қоймаларында шомылуды жалғастыруда. Көбінесе мұндай қылықтарға ішімдік ішу әсер ететіні анық. Осыдан бастайық.

Мас күйде жүзуге қатаң тыйым салынады!

Мас адамның суға батып кетуі әбден мүмкін. Бұл туралы жүзудің тәжірибелі нұсқаушылары мен жаттықтырушылары, сондай-ақ құтқарушылар да айтып келеді. Мәселе мынада, мас адамның қысымы жоғары болады, ал суға батқанда күрт төмендейді, тіпті есінен де танып қалады. Нәтижесінде суға батып кетіп жатады.


Фото: Shutterstock

Денсаулығында ақау бар адамдарға мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынады. Жүрек соғу жылдамдығының әсерінен суға тұншығып, нәтижесінде батып кетеді. Мас адамдарда қимыл-қозғалыс жүйесі бұзылады. Бұл қантамырларының қысылуына, тіпті денесінің құрысып қалуына да әкеледі. Айта кетсек, құрысу сау жүзушілерде де кездеседі.

"Дененің тартылып қалуы - кейбіреулерге, әсіресе ішімдік ішетіндерге тән. Денеде калий жетіспеушілігі және басқа да себептер бұлшықеттердің күрт қысылуына әкеліп соғуы мүмкін, ауырсыну мен құрысуды тудырады. Бұның жолы қарапайым - тек байбалам салмай, бұлшықетті үшкір затпен шаншып алу қажет (мысалы, түйреуішпен шаншу немесе күштеп қысу - Автордың ескертуі) және басылғанша күте тұрыңыз",- деп түсіндіреді тәжірибелі яхташы Диана Фролова.

Мұны талқыладық. Ары қарай кеттік. Егер сіз тәжірибелі жүзуші болсаңыз да, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз. Барлығы бірдей құтқару кеудешесін кимейді, бірақ орнын басқамен ауыстыруға болады.

Құтқарушы шалбарлар мен ысқырық

Суға батып кетпеуге көмектесетін бір амал бар. Бұл үшін шалбар мен қолдың ептілігі қажет. Бұл әдіс киіммен борттан асып түскендерге де, кездейсоқ киіммен суға құлап кеткендерге де қолайлы. Өзіңізді және шалбарыңызды қолға алу маңызды. Сонымен, сіз суға түсіп кеттіңіз. Шалбарды шешіп, екі балағын мықтап байлаңыз, өзіндік құтқару шеңбері пайда болады. Басыңызды ортасынан өткізіңіз. Шалбардың алдыңғы жағын суға қарай бұрып, түймесін ашу керек, яғни шалбардың алдыңғы жағы төмен қарау керек. Осыдан кейін суды бірнеше рет күшпен ұру керек, ауа балақтарды толтырады және шалбарды құтқару шеңберіне айналдырады. Түсінікті болу үшін келесі бейне-видеоны қараңыз.


Видео Youtube/Mario Vittone

Балақтардан ауа шыға бастағанда, суға бірнеше рет ұрып қалыңыз, олар қайтадан ауаға толады.

Өзіңізге көмектесудің тағы бір жақсы әдісі - көмекке шақыру. Мұны ысқырықпен жасауға болады. Суға түсер алдында оны арқанға бекітіп, қолыңызға қойыңыз. Бізге сеніңіз, ысқырық тіпті тәжірибелі жүзушілердің өмірін құтқара алады.

Демалыңыз және арқаңызбен жатыңыз

Егер сіз жағалаудан алыс жүзіп кетіп, күшіңізді есептемеген болсаңыз, онда арқаңызбен жатып демалуға тырысыңыз.

"Жаттықтырушы ретінде мен жалғыз алысқа жүзуге ешқашан рұқсат бермеймін, өзім де жасамаймын. Бұл қауіпті. Әрқашан жүзуді жақсы білетін серігің болуы керек. Сізден де жақсы жүзетін, әрі қайық та да епті болғаны дұрыс. Мысалы, сіз ұзақ жүзугеа жаттығып жүрсеңіз...

Егер сіз алысқа жүзіп, шаршап қалсаңыз, тоқтап, демалуыңыз керек. Жағажайдың орнын анықтаңыз, сосын оған қарай жүзе бастаңыз және артқа бұрылып, демалып алыңыз. Демалған соң, қайта жүзіңіз. Білетін болсаңыз, жүзу стилін ауыстыруға болады: құлаштап жүзу, сосын арқамен жүзу. Арасында демалып алу қажет. Ең бастысы - сабырлық сақтау", - деп кеңес береді жүзу жаттықтырушысы Дмитрий Токарев.


Фото: Shutterstock

Суда байбалам салу сіздің құтылу мүмкіндігіңізді азайтады. Есіңізде болсын, жүзе алмасаңыз да, бірден суға батып кетпейсіз.

"Байбалам салу басталған кезде, адам тез-тез дем алады және жиі сумен тұншығып қалады. Қорқыныш одан сайын күшейеді, және ол жақсылықпен аяқталмайды. Сондықтан тыныс алу керек, әркімнің денесінде ұзақ уақытқа жетерлік ауа болады". Кем дегенде 15-20 секунд. Сіз бірден батпайсыз, су бетіне қалқып шығасыз", - деп түсіндіреді Токарев.

Міне, сіздің жаныңызда жағаға шығуға көмектесетіндердің болуы маңызды. Мысалы, сізге құтқарғыш немесе "сәбіз" лақтыру үшін.

"Бортта бізде "сәбіз" бар. Біз оны құлағандарға лақтырамыз, ол оны ұстап, арқанға шығуы керек", - дейді Диана Фролова.


Фото: РИА Новости

Александров құтқару құралы

Бұл суға батып бара жатқан адамдарға көмектесу құралы. Бұл әдетте полипропиленнен жасалған, ұзындығы шамамен 30 метр болатын жүзетін жұқа кеме арқаны. Бір ұшында қолға арналған ілмек бар, екінші жағында қызғылт сары түсті екі жүзу бар. Адамдар бұл затты "сәбіз" деп те атайды.


Видео Youtube/Аурика

Суға батқан адамды құтқару - айналадағылардың жұмысы

Алдымен мынаны ескертейік, сіз жүзу білмесеңіз, суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін түспеуіңіз керек. Әйтпесе, екі адамды құтқаруға тура келеді. Басқалардың назарын аударып, тез арада көмек шақырған жөн. Егер жүзуді білсеңіз, онда бірнеше ұсыныстар бар. Міне, Алматы облысындағы төтенше жағдайлардан құтқару шараларының тізімі.

"Көптеген адамдар білмейді, тіпті егер адамда тамыр соғысы болмаса және тыныс алмаса да, оны алғашқы бес минут ішінде құтқарып, қайта есін жиғызуға болады", - деп түсіндіреді құтқарушылар.

Суға батып бара жатқан адамды құтқаруда уақыт маңызды рөл атқарады. Суға батып бара жатқан адамды құтқару мүмкіндігі алғашқы бес минут ішінде өте жақсы, одан кейін жағдай нашарлайды. Өз күшіңізді дұрыс бағалау өте маңызды.

Фото: Shutterstock

Құтқарушыны ұстамап алмауы үшін суға батып бара жатқан адамға арт жағынан бару қажет. Әдетте суға батып бара жатқан адам өзін-өзі ұстай алмайды және құтқарушыны су астына оңай сүйреп әкетеді. Егер адам суға толығымен батып кетсе, онда оған түбімен жүзіп бару керек. Суға батып бара жатқан адамға қол жететін жерде оны қолтығының астынан көтеріп, қатты итеріп судан шығарып алу керек.

Зардап шегушінің басын судан жоғары ұстап, алғашқы көмек көрсету үшін оны тезірек жағаға шығару маңызды. Егер суға батып бара жатқан адам есін білетін болса және оған қарсылық көрсетсе немесе құтқарушыға кедергі жасаса, онымен санасуға тырыспаңыз және түсіндіруге уақыт жоғалтпаңыз. Жүзуді жалғастырып, кедергі жасамайтындай етіп адамды ұстап жүзу қажет.


Фото: Shutterstock

Ең бастысы - адамды жағаға шығару және дереу жедел жәрдем шақыру. Адам есінен танбаса да, оны кәсіби дәрігерлер тексеруі керек. Кейде құтқарудан кейін адам күлімсіреп, өзін жақсы сезінеді, бірақ бірнеше минуттан кейін оның жағдайы күрт нашарлайды, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан сіз әрқашан Біріккен құтқару қызметіне 112 нөміріне қоңырау шалуыңыз қажет.

Егер адам есінен танып қалмаса, онда оның тыныс алуы мен тамыр соғысын тексеру керек. Егер олар алаңдаушылық туғызбаса, онда жәбірленушінің дымқыл киімін шешіп, құрғақ жерге жатқызып, жылыту керек. Ол міндетті түрде дәрігерлерді күтуі керек.

Егер сізге сыртынан қарағанда адам енді құтқарылмайтындай көрінсе, ол дем алмай, әрі қимылсыз жатса, онда көзін ашып қарауыңыз керек. Егер қарашықтары жарыққа белгі берсе, онда адамды құтқаруға мүмкіндік бар. Уақытылы медициналық көмек көрсету де өте маңызды.

Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін сізге алдымен жүрек-өкпе реанимациясының ережелерімен (кеуде қуысының қысылуын және ауыздан дем алуды білдіреді) танысуға кеңес береміз. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсету туралы бейневидео көру үшін сілтемені қараңыз.

Суда жүру ережелері

Әрине, көптеген адамдар құтқарушылардың нұсқауларымен таныс, егер олай болмаса, онда есіңізде болсын, әдетте "жүзуге тыйым салынған" деген белгісі бар қауіпті аймақтарда шомылуға болмайды, бұл жерде су қоймасы сыртынан тыныш көрінсе де, суға түсуге тыйым салынады. Сонымен қатар, мамандар мынадай кеңестерді ұсынады:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Бұл туралы бәрі білетін сияқты, бірақ, өкінішке орай, балалармен жазатайым оқиғалар орын алып жатады. Көбінесе балалар ата-анасының қарауынсыз шомылады.

Суда қатты толқыныс кезінде жүзбеңіз.

Суда толқыныс кезі әрқашан қауіп көзі болып табылады, өйткені адамға үлкен толқындарды еңсеру қиынға соғады. Көбінесе бір толқынмен әуре болған адамды екінші толқын соғып кетіп, тұншығып қалып жатады.

Межеден алыс жүзуге болмайды.

Бұл әрқашан жағадан тым алыстап кетуге әкеледі. Сонымен қатар, қайықтар, катерлердің және басқа да су көліктерінің қозғалу аймағы көбінесе жүзгіштердің артында басталады, бұл демалушы үшін өте қауіпті. Сондықтан, егер сіз жақсы жүзуші болсаңыз да және оны біреуге дәлелдегіңіз келсе де, мұны бассейнде жасаған дұрыс.

Білмейтін жерлерде шомылмаңыз.

Мұндай жағдайларда бейтаныс жер қауіптің көзі болуы мүмкін, ал айналасында адамдардың болмауы автоматты түрде алғашқы медициналық көмектің жоқтығын білдіреді.

Күн астында ұзақ уақыт шомылуға болмайды.

Бұл ескерту бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары жүйесі нашар адамдарға қатысты, өйткені температураның күрт төмендеуіне байланысты қантамырларының қысылуы пайда болуы мүмкін, бұл жүректің тоқтап қалуына және жүректің рефлекторлы тоқтауы кезінде суға батудың синкоптық түріне әкеліп соғуы мүмкін. Суға батудың бұл түрінің ең көп тараған нұсқасы жүзуші кенеттен суық суға түсіп кеткен кезде пайда болады. Сондықтан суға түсудің ең жақсы кезі - таңертең және кешкі уақыт.

Барлық осы жеңіл ережелерді сақтай отырып, сіз жазда жиі кездесетін шомылу кезіндегі келеңсіз жағдайларды болдырмаудың алдын аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алексей Лихарев (@beardserk)

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.