"Қорлау ма, әлде алғыс айту ма?" Әлемнің әр елінде қандай шайпұл беру қажет екенін білесіз бе?

© pixabay.com

Егер сіз қайда және қашан, әрі қанша көлемде шайпұл беру қажет екенін алдын ала білсеңіз, сіз бен қонақүй қызметкерінің арасында ыңғайсыз жағдай туындамайды. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қазақстандықтар баратын елдерде қанша шайпұл беруге болатыны жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Егер сіз қайда және қашан, әрі қанша көлемде шайпұл беру қажет екенін алдын ала білсеңіз, сіз бен қонақүй қызметкерінің арасында ыңғайсыз жағдай туындамайды. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қазақстандықтар баратын елдерде қанша шайпұл беруге болатыны жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

Қызмет көрсету ақысына қосымша ақы төлеу әр елде әр түрлі жүргізіледі. Кейбір елдерде шайпұл төлеу қызметкерді қорлағандай болса, ол өзін нашар жұмыс істегендей сезінеді, ал кей елдерде керісінше, қызмет ақысына қосмыша төлесеңіз, ол сіздің қызмет көрсетуге деген оң көзқарасыңызды білдіреді. Енді бір елдерде сізден бір тиында қосымша ақы алмайды, оны тіпті қорлау деп есептейді. Егер сіз осындай жағдайда, қалай, қашан және қанша шайпұл беру қажеттігін білгіңіз келсе, біздің материалды назарға алуға кеңес береміз.

Реклама
Реклама

Түркия

Сізге қызмет көрсету ұнаса, міндетті түрде шайпұл қалдырыңыз. Қарапайым дәмхана-мейрамханаларда 10-15 пайыз қалдыруға болады. Сәнді мейрамханаларда 20 пайызын қалдырады. Ыстамбұл қаласында шайпұл қалдыру міндетті емес. Есеп қағазын тексеріп алыңыз: кейбір аудандарында 10 пайыз шайпұл осы ақыға кіреді. Ал қалған жерлерде, таксиды қоса алғанда, турист қосымша ақы төлеуге міндетті емес.

БАӘ, Катар

Араб елдерінде бакшиш, яғни шайпұл беру - жай ғана әдептілік емес, дәстүрді құрметтеу және жергілікті әдептің ажырамас бөлігі. Сыйақы мөлшері кез келген болуы мүмкін. Көбінесе бұл соманың 10-15 пайызын құрайды. Әдеттегідей, шайпұлдан бас тартуы мүмкін, бірақ сіз табанды болыңыз.

Дубайдағы немесе Абу-Дабидегі қонақүйге тиесілі емес мейрамхана шотқа қызмет ақысын қосса, бұл заңға қайшы келетінін білу де маңызды. Туризм саласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарына мұндай ақыны алуға 10 жылдан астам уақыт бұрын тыйым салынған болатын. Даяшылар, такси жүргізушілері мен гидтер шайпұлды ризашылықпен қабылдайды.


Доха, Катар. Фото pixabay.com

Мысыр

Мейрамханалар мен кафелерде әдетте соманың 10-15 пайызы шотқа енгізілген. Бірақ бірнеше қосымша долларға әркім де риза болары анық. Қонақүйлерде тазалаушылар үстелде немесе кереуетте бір-екі доллар қалдырғаныңызды байқаса, одан да жақсы жұмыс істеуге тырысады.

Грузия

Қосымша ақы, яғни шайпұл "қызмет" деп белгіленген шотқа енгізілген. Сіз өз қалауыңыз бойынша қосымша ақы қалдыра аласыз. Джорджиядағы ең керемет мейрамханадан бастап ауылдық дәмханаларда қызмет көрсету пайызы 10-15 пайызды құрайды. Жалпы, бұл тұрғыда қатаң ережелер жоқ, егер сізге бәрі ұнаса және гидке, даяшыға, қонақүй қызметкеріне немесе такси жүргізушісіне алғыс айтқыңыз келсе, шайпұл қалдыруыңызға болады.

Грекия

Қымбат мейрамханаларда жұмсалған соманың 10-15 пайызын қалдыру әдетке айналған. Қонақүй қызметшілері мен жүк тасушылар сізден 1-2 еуро, такси жүргізушілері - жол жүру құнының 5-тен 10 пайызына дейін қосымша ақы күтеді.


Санторини, Греция. Фото pixabay.com

Таиланд

Жергілікті тұрғындар ешқашан қосымша ақы қалдырмайды. Бірақ барлық жерде туристерден шайпұл күтіледі: дәмханалар, мейрамханалар, жергілікті шағын автобустарда, экскурсиялық автобустарда, сафари саябақтарында, массаж салондарында және т.б. Бұл менталитеттің бір бөлігі: бөтен адам патшаның қол астындағыларға құрмет көрсетуі және жылы қарсы алғаны үшін ризашылық білдіруі керек. Шайпұлдың көлемі символдық болуы да мүмкін, мысалы, 20 THB. Сонымен қатар, оларды адамға жеке-жеке беру маңызды. "Вайды" дұрыс жасау әдетке айналған – қолдарыңызды біріктіріп, иілу. Қолдың орналасуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құрмет те артады. Шайпұл берген жағдайда қолды кеуде деңгейінде немесе сәл жоғарырақ жасау жеткілікті.

Мальдив аралдары

Даяшылар мен басқа да қызмет көрсетушілер айтарлықтай көп ақша алмайды, сонымен қатар, олар айлап-жылдап отбаснан жырақта жүреді. Сондықтан қызмет көрсетушіге бірнеше руфий немесе доллар беруге болады.

Үндістан

Көптеген мейрамханалар қызмет ақысына қосымша алатынына қарамастан, жергілікті әдеп бойынша 15-20 пайызын қалдыру әдетке айналған. Көбінесе мекемелерде қосымша ақы берудің қажеті жоқ деген белгіні көруге болады.

Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай

Мұнда тіпті шайпұл қалдырудың қажеті жоқ. Бұл даяшының жалақысына қатысты қорлау және орынсыз сөз ретінде қабылданады. Егер Қытайда қосымша ақы қабылдамаса, қалған екі елде өмір сүру деңгейі айтарлықтай жоғары және қызметшілер жақсы жалақы алады. Шын жүректен қалдырған шайпұлыңыз түсінбеушілік, тіпті қайыршыға берген тиындай қабылданады. Сондықтан бұл елдерде сіз қосымша ақыны бере алатын жалғыз адамдар - жүк тасымалдаушылары, гидтер, туристік автобус жүргізушілері.


@Shutterstock

Мажарстан

Ақша беру міндетті емес, бірақ тамаша қызмет көрсетуге алғыс білдіргіңіз келсе, даяшыға соманың 10 пайызын беріңіз. Оны қолына беру керек, үстелге қалдырмаңыз. Кейбір мекемелерде банк картасымен де шайпұл қалдыруға болады. Даяшыдан есепшотты әкелуін сұрасаңыз, олар сізден ақша қалдырғыңыз келе ме, жоқ па деп сұрайды. Егер иә болса, онда жалпы сомаға 10 пайыз қосылады.

АҚШ

Бұл елде шайпұл әрқашан беріледі, бірақ оның көлемі штатына, орналасқан жерге жəне қызмет сапасына байланысты өзгереді. Орташа шайпұл 10-20 пайызды құрайды. Америкалықтар арасында шайпұлға қаытсты көптеген даулы мәселелер туындап тұрады, бірақ қосымша ақы төлеу қажеттігі қызмет көрсетушілер санасына әбден сіңіп кеткен десе болады.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная