Қонақүйге жайлы орналасуға арналған 20 лайфхак

Қонақүйге орналасу кезінде ең жақсы бөлме мен жоғары сапалы қызметті қалай алуға болады? Қонақүйде нені пайдалануға болады және нені қолдануға болмайды? Шығып бара жатқанда не алуға болады? Бөлмені өткізген соң, ұшуға көп қалғанда багажды қайда сақтауға болады? Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қонақүйге орналасуды ыңғайлы етуге көмектесетін 20 лайфхак жайлы баяндайды.

№ 1 лайфхак 

Сіз орналасқан қонақүйдің барлық бонустық бағдарламаларына қатысыңыз. Мүмкіндігінше көп пайда алу үшін тек бір қонақүй желісіне назар аударуға тырысыңыз. Бұл сізге дұрыс көзқарас пен тұрақты келушілер үшін тегін қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

№ 2 лайфхак 

Бөлме брондауды жоспарлаған қонақүйге хат жазып немесе тіпті қоңырау шалыңыз. Осылайша, сіз қонақүйден арнайы ұсыныстар мен акцияларды біліп, пайдалана аласыз, жеңілдіктер немесе қызмет көрсету сапасын жаңарту үшін ерекше ұсыныстар да алуға болады.

№ 3 лайфхак 

Саяхатшылар әдетте бір ғана бөлме емес, белгілі бір санаттағы бөлмелерге тапсырыс береді. Егер бұл дәл маусым болмаса және қонақүйде бос орындар болса, туристке бір санаттағы бірнеше бөлмені бірден ұсынуға болады. Тіркелген кезде олардың барлығын көруді сұраңыз. Бұл сізге әдемі көрінісі бар бөлмені, ыңғайлы жиһазды немесе кеңірек жуыну бөлмесін таңдауға мүмкіндік береді.


© Shutterstock

№ 4 лайфхак 

Бөлмені брондағаннан соң санатын жаңартуды қалайсыз ба деп жиі сұрайды. Бұлай жасаудың қажеті жоқ. Кем дегенде осы кезеңде қажеті шамалы. Бөлмені жаңартуды тіркелу кезінде алдыңғы қабылдауда жасауға болады. Ең жақсы бөлме, әрине, қымбатырақ болады, бірақ көбінесе санатты бірден ауыстырғаннан гөрі арзанырақ болады.

№ 5 лайфхак 

Егер сіз белгілі бір іс-шараны атап өткіңіз келсе, мысалы: туған күн, мерейтой, бал айы, онда қонақүйге алдын ала хабарлау қажет. Содан кейін сізге жағымды тосынсый болады: сізге бір бөтелке аққайнар, жеміс-жидек себетін сыйға береді немесе кез келген бір қызметке жеңілдік жасайды.


© Shutterstock

№ 6 лайфхак 

Йогаға арналған кілемше, шаш түзейтін құрал, ыңғайлы жастықтар, балаларға арналған ойыншықтар және басқа да ұсақ-түйек заттарды тегін алып, пайдалануға болады. Олардың бар-жоғын тіркеу орнынан сұрасаңыз болады.

Қонақтар қонақүйде зарядтау құралдарын жиі ұмытып кетеді, сондықтан сіз келген қонақүйде олар жеткілікті болуы мүмкін. Үйіңізде ұмытып кетсеңіз, жаңа зарядтау құралын сатып алуға асықпаңыз. Қабылдау бөліміне хабарлассаңыз, бұл мәселені оңай шешуге болады.

Сондай-ақ, қонақтар өздерін таңертең оятуды, такси шақыру немесе мейрамханада үстелге тапсырыс беруді өтінеді. Бұл қызметтер де әдетте толығымен тегін көрсетіледі.

№ 7 лайфхак 

Қонақүйлердегі төсек жамылғылары төсек-орынға қарағанда жиі жуылып, ауыстырылады. Ұзақ сапардан соң, душ қабылдамай, тіпті аяқ киімін шешпей, сіздің алдыңызда қанша келуші жатқанын елестетіп көре беріңіз. Сондықтан, мамандар тіркеуден өткен бойда төсек жамылғысын алып тастауды және оны (мысалы, балконға) шығарып қоюды ұсынады.


© Shutterstock

№ 8 лайфхак 

Егер сіз қонақүйге барар жолда жейтін бірдеңе сатып алсаңыз және онымен жеңіл тамақтанғыңыз келсе, ыдыс-аяқты іздеп, әсіресе пластик ыдыс сатып алудың қажеті жоқ. Кез келген қонақүйде қонақтар ыдыс-аяқ сұрауға құқылы.

№ 9 лайфхак 

Әрине, қонақүйге орналасу алдында әр бөлмені мұқият тазалайды, бірақ қонақтар тіс тазалау щеткасының тазалығына жіті назар аударады. Сондықтан олар қағаз, не пластик стақанның түбін тесіп, жоғары қаратып, тіс щеткасын сақтайтын орын жасауға болады.

№ 10 лайфхак 

Жолда мыжылып қалған киімнің қыртысын тез жазу үшін жуынатын бөлмеге су болмайтындай етіп іліп қоюға болады.

№ 11 лайфхак 

Сіз кірлеген киімдерді химиялық тазалау қапшығына салып қоюға болады, бұл тәсіл киілген киімдерді таза киімдерден бөлек ұстауға мүмкіндік береді.


© Shutterstock 

№ 12 лайфхак 

Тағы да бір құпия, шыны стақандардың тазалығына байланысты. Бөлме тазалаушылар оларды басқа ыдыстармен бірге жумайды, тек сүртіп қояды.

№ 13 лайфхак 

Қонақүйде тұрғанда қонақтардың көпшілігі сізден бұрын пайдаланған басқа бәр нәрсе – теледидарды қашықтан басқару құралы, яғни пульт. Теледидарға қашықтан басқару қосымшасын смартфонға жүктеп алыңыз.

№ 14 лайфхак 

Егер дәлізден шыққан шу сізді қатты алаңдатса, алдыңғы есіктің астындағы саңылауды жабу үшін аяққа арналған орамалды бүктеп қойсаңыз, шуды азайтуға көмектеседі.

№ 15 лайфхак 

Қонақүйде болмаған кезде бөлмеңізден заттарды ұрлауға қатысты алаңдасаңыз, есігіңізге "мазалауға болмайды" белгісін қойыңыз. Осылайша, сіз болмаған кезде ешкім кірмейтініне сенімді бола аласыз. Дегенмен, бұл белгіні теріс пайдалансаңыз, бөлмеңіз тазаланбай қалу қаупі де бар.


© Shutterstock

№ 16 лайфхак 

Бөлмеңізде жұмыс үстелі болмаса, қабылдау бөлмесінен үтіктеу тақтайшасын сұраңыз. Ол ноутбукпен жұмыс істеу үшін жеткілікті кең болады. Ал тақтаның биіктігін өзіңізге ыңғайлы етіп реттеп аласыз.

№ 17 лайфхак 

Мини-бар үшін қыруар ақша шығармаңыз. Жақын дүкеннен қажетті шараптарды сатып алып, толтырып қоюға болады.


© Shutterstock 

№ 18 лайфхак 

Баланың бөлмедегі қауіпсіздігі үшін барлық салбырап тұрған сымдарды бұрап және электр таспасымен бекітіңіз, онымен электр розеткаларын жабыңыз. Розеткалар боялған немесе тұсқағаздармен қапталған болса, көк жапсырманы пайдаланыңыз (бұл қауіпсіз емес, бірақ бетін зақымдамайды).

Шкафтың жәшіктерін ашуға болмайтындай етіп жапсырмамен бекітуге болады. Төсекке жақын үстелдерде шамдар бар. Егер бала шамға оңай жете алса, шамды алып тастаңыз немесе ажыратқышты өшірулі күйде электр таспасымен бекітіңіз.

№ 19 лайфхак

Көптеген қонақтар бөлмені өткізу кезінде нені алуға болатыны және нені алуға болмайтынын білмей жатады. Бұл үшін сегіз "S" ережесі бар. Келушілер өзімен бірге soap (сабын), shampoo (шампунь), shower gel (душқа арналған гель), shower cap (душқа арналған баскиім), sewing kit (тігуге арналған заттар –ине мен жіптер), stationery (канцелярлық заттар – қалам, блокнот), shoe shine kits (аяқкиім тазалуға арналған заттар), slippers (үйге арналған аяқкиім) алуға болады.

№ 20 лайфхак 

Көбінесе қонақүйге келушілер бөлмеге әуежайға кететін уақыттан әлдеқайда ертерек тіркелуі керек және осы бірнеше сағат бойы көтеріп жүрмеу үшін багажды қайда қою керектігі туралы сұрақ туындайды. Қонақүйде арнайы багаж бөлмесі болмаса да, егер қонақ өтініш жасаса, олардың көпшілігі міндетті түрде бірдеңе ойлап табады (мысалы, багажды қоңыраушыға сеніп тапсыруы мүмкін).

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.