Қонақүй қызметкерлері келушілердің "түсініксіз" өтініштерін тізіп шықты

Қымбат емес қонақүйлердің қызметкерлері бір жыл ішінде клиенттерден түскен "түсініксіз" өтініштер туралы айтып берді. Бұл туралы Mirror басылымы Travelodge желісіне сілтеме жасап жазады. 

Солардың бірінде қонақүйге келген әйел баласының ойдан құрастырған досы үшін тағы бір кереует сұраған және ресепшенде тіркеу кезінде онымен амандасуды өтінген. Тағы бір әйел жатын орынды әуе шарынан жасақтауды өтінген, осылайша ол қызын таңғалдырмақ болған. 

Тағы бір қонақ коронавирус пандемиясына байланысты әлеуметтік қашықтық талаптарын сақтау мақсатында  әйелімен бөлек жату керектігін айтып, қызметкерлерден осы жағдайды жарына түсіндіруді өтінген. Тағы біреулері сейсептен костюм тігіп беруін және ені бір метр болатын пластиктен жасалған бәліш әкеліп беруін сұраған. 

Сонымен қатар, туристер тоңазытқышта екі жүз көбелекті сақтауға бола ма, салтанатты той үшін биіктігі 1,8 метр болатын аңыздағы бір мүйізді жылқының мұздан жасалған мүсінін сақтауға бола ма деп сұраған.

Сондай-ақ, қонақүйден тікелей ұшу-қону аймағына шығатын жол салуды талап еткен, смокингке Swarovski кристалын тағуды, және өзі үшін телефон қоңыраулары мен хабарламаларға жауап беруді өтінгендер де болған.