Қазақстандықтарға биыл Солтүстік шұғыласын тамашалайтын ТОП-10 бағыт ұсынылды

pixabay.com

Expedia "Солтүстік шұғыласын тамашалауға арналған нұсқаулық" шығарды. Онда осынау таңғажайып құбылысты қай жерден көруге болатыны жөнінде кеңестермен бөліскен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Time Out сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Expedia "Солтүстік шұғыласын тамашалауға арналған нұсқаулық" шығарды. Онда осынау таңғажайып құбылысты қай жерден көруге болатыны жөнінде кеңестермен бөліскен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Time Out сайтына сілтеме жасап.

Жинақта Солтүстік шұғыланы көруге ең қолайлы жыл мезгілі туралы да ақпарат берілген. Сарапшылардың пікірінше, сәуір және қараша айлары - Солтүстік шұғыласын тамашалауға таптырмас уақыт. Бұдан бөлек кәсіби фотограф Тор-Ивар Несс аталмыш құбылысты суретке түсірудің тиімді жолдары туралы айтып берген.

Сонымен қоса Expedia Солтүстік шұғыласын көргісі келетін саяхатшыларды еліктіретін ең танымал бағыттарды зерделеді. Аяз атаның Отаны ретінде танымал Лапландия рейтингте бірінші орынды иеленді. Дәл осы жерден ең жарқын Солтүстік шұғыласын көруге болады екен. Екінші орында Канададағы Черчилль тұр. 2023 жылы Черчильде қонақүйлерді іздеу көрсеткіші 140 пайызға өскен көрінеді. Әрі қарай тізімдегі үшінші орынға Финляндия мен Рованиеми тұрақтады.

Реклама
Реклама

Expedia нұсқасы бойынша 2024 жылы Солтүстік шұғыласын тамашалауға арналған ТОП-10 бағыт төмендегідей:

1. Лапландия, Финляндия;
2. Черчилль, Канада;
3. Рованиеми, Финляндия;
4. Нарвик, Норвегия;
5. Киркенес, Норвегия;
6. Калфафелл, Исландия;
7. Инари, Финляндия;
8. Абиско, Швеция;
9. Скай аралы, Шотландия;
10. Тромсё, Норвегия

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная