Қазақстандық пойыздарға тамсанды: тревел-блогердің ролигі Желіде белсенді талқыланып жатыр

видеодан үзінді

26 жастағы тревел-блогер Никита Суханов қазақстандық және ресейлік пойыздардың салыстыру видеосын жариялап, қазақстандық TikTok сегментінде танымал болды. Оның ролигі миллионнан аса қаралып, мыңдаған пікір жинаған , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

26 жастағы тревел-блогер Никита Суханов қазақстандық және ресейлік пойыздардың салыстыру видеосын жариялап, қазақстандық TikTok сегментінде танымал болды. Оның ролигі миллионнан аса қаралып, мыңдаған пікір жинаған , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Никита Суханов Улан-Удэ тумасы, мамандығы - менеджер. Ол саяхаттағанды ұнатады, қазір ол өзін тревел-блогер ретінде қалыптастырып, YouTube-каналын жүргізеді.

TikTok аккаунтында жігіт кішігірім видео жариялаған, онда ол қазақстандық және ресейлік пойыздардың айтарлықтай айырмашылығы бар екенін айтқан. Ол біздің елдің пойызының бес артықшылығын атап көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Қараңыздар, мына жер өте ыңғайлы, кең әрі тап-таза. Тіпті жолсеріктің шаңсорғышы бар. Екіншіден, барлығы заманауи: шамдары, жоғарғы жатын орны (оны әп-сәтте жинап не салуға болады), қоқысқа арналған шелек. Үшінші - жатын орынның ұзындығы, менің бойым 186 сантиметр, аяғымды бүкпей еркін жаттым. Төртінші - әжетхананың тазалығы. Бесінші - суға арналған кулер, таблодағы ақпарат және әжетхана маңындағы раковина", деді вирусты роликтің авторы.

@nik_sukhanov1 Казахстанские поезда — одни из самых крутых, на которых я ездил! #казахстан#поезда#обзор#жд ♬ оригинальный звук - Nikita Sukhanov

Саяхатшының постына көптеген пікірлер жазылған - шамамен төрт мыңнан асып жығылады. Әлеуметтік желі қолданушылардың кейбірі тревел-блогердің пікірімен келіспейді, олар "біздің елде барлық пойыздар мұндай керемет емес" деп әзілдеген.

"Қарапйым "Тальго", "Қай жылы "Тальго" қарапайым пойыз болып өзгерген?", "Оған нағыз қарапайым пойызды көрсету керек екен", "Мен не басқа елде тұрып жатырмын ба?", "Мақтауыңызға рақмет, қуаныштымын", "Бізде расымен пойыздар айтарлықтай жақсы деңгейде", - деп жазды Желі қолданушылары.

Никита Алматыдағы саяхаты жайлы толық бір жариялым шығарған, ол осы қалаға шынайы ғашық болғанын да жасырмаған.

"Энергиясы, көрнекі орындары, онда тұратын адамдары - жан-тәніммен ұнаттым осы қаланы. Сол себепті мен толық бір шығарылым түсірдім. Оны менің көзіммен көрсеткім келдім, мұны көпшілік көріп, осында келсе деймін", - дейді Никита біздің редакцияға берген сұхбатында.

Блогер Астана мен Атырауда болған. Болашақта ол басқа да қазақстандық қалалар туралы жаңа видеолар жариялауды жоспарлап отыр.

"Саяхаттау арқылы өз шекараңды, көкжиегіңді ұлғайтасың. Қалалардың бірегей екенін, әрқайсысының өз ерекшелігі барын аңғарасың. Менің арманым - осы жобам әлемдегі ең таңғажайып жерлер, тіпті кішігірім мекендер туралы баяндаса екен", - деді ол.

Қазір Никита Таиландта демалып жүр, алайда таяу уақытта ол өзі сүйіп қалған Алматыға оралуды жоспарлап отыр екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная