Қалта "дәрігері" және ультракүлгін "тапанша". Туристерге арналған 8 түрлі гаджет туралы білесіз бе?

© Shutterstock

Коронавирус дәуірі бізге үлкен тәжірибе берді және төзімділік пен жауапкершілікке үйретті: шекаралардың жабылуы, қатаң қауіпсіздік шаралары, халықаралық іс-шаралардың, олимпиадалардың тоқтатылуы, денсаулыққа келген зардапты айтпағанда. Бүкіл әлем бір сәт тоқтап қалғандай, оны қайтадан айналдыруға технологиялар көмектесті: тепловизор, бет сканерлерінен медициналық робот-ассистенттерге дейін. Енді әлем өз арнасына түсе бастағанда саяхатты жеңілдетіп, сақтық шараларына баса назар аудару қажет. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге туристерге осынау кезеңді жеңіл өткеру үшін қажет болатын гаджеттер мен қосымшалар тізімін ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус дәуірі бізге үлкен тәжірибе берді және төзімділік пен жауапкершілікке үйретті: шекаралардың жабылуы, қатаң қауіпсіздік шаралары, халықаралық іс-шаралардың, олимпиадалардың тоқтатылуы, денсаулыққа келген зардапты айтпағанда. Бүкіл әлем бір сәт тоқтап қалғандай, оны қайтадан айналдыруға технологиялар көмектесті: тепловизор, бет сканерлерінен медициналық робот-ассистенттерге дейін. Енді әлем өз арнасына түсе бастағанда саяхатты жеңілдетіп, сақтық шараларына баса назар аудару қажет. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге туристерге осынау кезеңді жеңіл өткеру үшін қажет болатын гаджеттер мен қосымшалар тізімін ұсынады.

Бастамас бұрын ескертіп өтейік: мақала тек ақпараттық мақсатта құрылған. Бұл гаджеттердің ішінде уақыт сынынан өтпеген экспериментті түрлері де бар. Сондықтан біз оларды нақты қолдануға кеңес бере алмаймыз.

Гаджеттер

Реклама
Реклама

Сонымен, бірінші орында - телефондарға және басқа да тұрмыстық заттарға арналған ультракүлгін сәулелі стерилизатор. Бұл кілт, телефон, құлаққап, көзілдірікті немесе қаламды салып қоюға арналған жинақы қорап. Өндірушілер затты салып қою арқылы бірнеше минутта микробтар мен бактериялардың 99,9 пайызын жоюға болатындығын айтады. Бұл гаджет сұранысқа ие: біз қолымызды жуамыз, ал телефон мен басқа да заттар әрдайым таза бола бермейді және біз смартфонды үнемі пайдаланамыз. Ескерте кетсек: қолданар алдында затты бактерияға қарсы майлықпен сүртіп алған дұрыс. Мұндай құрылғының бағасы 20 доллардан 60 долларға дейін (8-25 мың теңге аралығында).

Өзіңізбен алып жүруге ыңғайлы дезинфекциялаушы құрал. Бұл құрылғының артықшылығы ыңғайлылық пен жеңілдігінде болады. Бұл білегіңізге оңай тағуға болатын кішкентай білезік. Басқа нұсқалары да бар, мысалы, белбеуге немесе басқа киімге тағатын төсбелгі. Осылайша, антисептик әрдайым өзіңізбен бірге болады.

Видео Kickstarter

Біз бетперде киюді дағдыға айналдырдық, бұл біздің жаңа нормаға айналды. Алайда температурасы мен ылғалдылығы жоғары елдерде үнемі бетперде киіп жүру күн өту мен қатты шөлдеуге әкеліп соғары анық. Сонымен қатар, микробтар мен бактериялардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан "салқындауға" көмектесетін гаджеттер жылы елдерде қажет болады. Тізімдегі екінші орында - қалта желдеткіші, яғни ылғалдандырғыш. Ол желіден зарядталады, сымсыз жұмыс істей береді, сонымен қатар, сөмкеңізге салып жүруге қолайлы. Түнде желіге қосып, оны бөлмеге қойыңыз, сонда сізге алаңсыз, тыныш ұйқыға кетуге септігін тигізеді.


Технология әлемінде бәрі көзді-ашып жұмғанша өзгереді, бірақ мына гаджет жаңа емес. Пандемия кезінде бұл одан да көп сұранысқа ие болды. Смарт сақиналар, смарт сағаттар және фитнес-білезіктер ғалымдар мен дәрігерлердің назарын аударды. Рокфеллер неврология институты анықтағандай, арнайы қолданбалы бағдарламалармен бірге, смарт сақиналар мен фитнес-білезіктер температура, жөтел немесе ентігу бар-жоғын болжай алады екен. Жалпы, бұл гаджеттер метеорологтар сияқты дене температурасын және COVID-19-дың басқа белгілерін болжай алады.


© Shutterstock

Басқаша айтқанда, мұндай білезікпен сіздің қалтаңызда жеке медициналық қызметкер болады және бұл инфекция қаупін азайтуды қалайтын саяхатшыға қажетті құрал. Сонымен қатар, құрылғы смартфоныңызбен бірге жұмыс істейді және сізге хабарлама көру немесе уақытты білу үшін телефонды қайта-қайта қолға алудың қажеті жоқ.

© Shutterstock

Демалысқа шығар кезде біз әдетте "кез келген жағдайға" арналған заттарды, яғни киім, аяқ киім, дәрі-дәрмектер, құжаттар, құрал-жабдықтарды алып жатамыз. Бірақ сіз отбасыңызбен саяхаттаған кезде, қай зат қай сөмкеге салынғанын есте сақтау мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда, Thanko гаджеттер дүкені ішіндегі заттарды қадағалау үшін қолданылатын арнайы QR-кодты құлпы бар сөмке жасап шығарды.

Арнайы QR-сканерлеу қосымшасын пайдаланып (iOS және Android смартфондары үшін) әр сөмкеге затбелгі орнатуға болады (мысалы, "киім" немесе "аяқ киім"), затты суретке түсіріп, әр зат үшін дыбыстық деректер жазуға болады. Қажет сәтте, заты орналастыатын кезде, сіз жай ғана ішіндегі нәрсені айтатын QR-кодты сканерлеу арқылы оңай тауып аласыз.

© Shutterstock

Эпидемиологтар коронавирустың әр түрлі заттың бетінде үш күнге дейін өмір сүре алатындығын зерттеді. Қолыңызды тигізбей есік ашуға көмектесетін гаджеттер де бар екен. Бұл ілгектер барлық жерде кездеседі және оларды алу оңай. Мысалы, олардың бірін Лондондағы дизайнер Стив Брукс жасаған. Ол қалтаға сыятындай кішкентай және оңай тазаланатын материалдан жасалған.

© Shutterstock

Қоғамдық орынға барғанда, біз бірінші кезекте бетперде болуына назар аударамыз. Бұл гаджетті де жан-жақты жетілдіріп, оны қолдануға мүмкіндігінше ыңғайлы етуге тырысуда. Жаңа ерін далабыңыздың түсін немесе күлімдегеніңізді жасырмайтын мөлдір бетперделер де бар. Ең бастысы, онымен тыныс алу өте оңай.

© Shutterstock

Жақында ішінде шетелдегі жергілікті тұрғындарға сіздің сөзіңізді аударуға көмектесетін қондырғылары бар бетперделер шығарылған. Тіпті тыныс алуды жеңілдететін және аурулардың алдын алатын пайдалы шөптер сіңдірілген бетперделер бар. Бүкіл әлем ғалымдары мен өнертапқыштардың осы гаждет түрін жан-жақты жетілдіріп жатақандығы қуантпай қоймайды.

Келесі гаджет Оруэлл романдарындағы құрылғыға ұқсайды, яғни адамның әлеуметтік арақашықтықты бұзып жатқандығы туралы ескертетін алқа түріндегі құрылғы. Шындығында, смарт алқа адамдарға әдеттегі кеңсе жұмысына оралуға көмектеседі. Оны британдық Tharsus робот жасау тобы жасап шығарған. Бұл компания робототехника және автоматтандыру жүйелері саласындағы жетістіктерімен танымал. Компания басшылығы бұл технологияны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, әдеттегідей жұмыс жасау үшін кеңселерде, асханаларда және қоймаларда енгізуді жоспарлап отырғанын айтады. Көп ұзамай мұндай алқа барлық жерде таралады, ал саяхаттау кезінде сіз тыныш алаңсыз боласыз: сіздің жеке кеңістігіңізді ешкім бұзбайды.

© Shutterstock

Жоғарыда аталған гаджеттердің қайсысы сізге ұнағаны туралы пікірде қалдырсаңыз болады.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная