Жұлдыз жорамал болжамы дәл келіп, демалысыңыз жоғары деңгейде өтуі үшін әрбір жұлдызнама белгісі үшін 2023 жылғы ең жақсы саяхат бағыттарымен таныстырамыз, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Travelpulse.com сайтына сілтеме жасап.
Тоқты. Кейптаун жағажайындағы экзотикалық тағамдар мен пингвиндер.
Әйгілі Үстел тауының әдемі көріністері, Оңтүстік Африканың ерекше мәдениетімен біте қайнасқан мұхит - батыл және сенімді Тоқтыға сай келері анық. Кешкі салқында шарап дәмін татып, әлемдік деңгейдегі түскі ас ішіп, одан ерте тұрып, Боулдерс жағажайындағы пингвиндерді тамашалауға болады.
Торпақ. Париждегі қымбат сән-салтанат.
Қаланың аспаздық, өнер, сән және сәулет саласындағы даңқы сән-салтанатты сүйетін Торпақ үшін таптырмас жер. Сәнді барлардағы коктейль түндері, гурмандық кабаре шоулары және әлемдегі ең жақсы сән-салтанатқа толы дүкендер. Париж Торпақ бар жақсысын саяхатқа жұмсауы үшін жаралғандай әсер береді.
Егіздер. Көңілді және мейірімді Ирландия
Ирландиялық дос көңіл, достық әңгімелерді бастау мүмкіндігі және ырғақты әуен көңілді Егіздердің қуантары сөзсіз. Шарап дәмін татқысы келгендерге шарап, ал мәдениет сүйер қауым жергілікті сарайларды, мұражайларды тамашалап, көшелерді аралай алады.
Ирландия. Фото pixabay.com
Шаян. Копенгагендегі жайлылық пен тылсым сыр, Дания.
Жайлылыққа, жеке өмірге және отбасылық уақытқа деген сүйіспеншілік, яғни даниялық хьюгге дәстүрі Шаянның болмысына толық үйлеседі. Жылдың кез келген уақытында Копенгаген өзінің Тиволи бақтарымен, көркем галереяларымен және мұражайларымен, жайлы дүкен, дәмхана, мейрамханаларымен саяхатшыларды тартпай қоймайды.
Арыстан. Лос-Анджелес, Калифорния.
Бұдан өзге көпшіліктің назарын өзіне бұратын жерді тәкаппар Арыстан таба алмасы анық. Лос-Анджелес Кардашьянның реалити-шоуы сияқты шығармашылық көрініске толы. Мелроуз даңғылындағы алқызыл қабырға сияқты қаланың ең танымал және инстаграм желісіндегі жерлерінде тамаша селфи түсуге болады.
Бикеш. Фиджи аралдары
Қарапайым, әрқашан тұңғиық ойда жүретін Бикеш Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Фиджи аралдарында барлық мазасыздықтан арылып, демала алады. Аралдардың тұрғындары келушілерге деген жанашырлығымен, мейірімділігімен және қонақжайлығымен танымал.
Фиджи. pixabay.com
Таразы. Ванкувер.
Таразы әрдайым тепе-теңдікті іздейді және тәртіпті, эстетикалық жағымды жерлерді жақсы көреді. Ванкуверде тауда шаңғы тебуге де, Солтүстік Америкадағы ең үлкен жағажайда күнге де қыздырынуға болады. Осының бәрі қаладағы қалың орманды үлкен шыршалар өсетін кең Стэнли саябағымен керемет үйлесім табады.
Сарышаян. Таормина, Сицилия.
Эмоционалды, тұйық, қызуқанды, ерке және адал Сарышаянға Италияның темпераменті сәйкес келеді. Ион теңізінде салқындап, жақын маңдағы таудың елесі жарқыраған Сан-Доменикодағы Сицилия сарайын қараңыз. Этна - әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі.
Мерген. Веллингтон, Жаңа Зеландия
Мергендер Веллингтонның интеллектуалды және жарқын мәдениетінен ләззат алатын көп нәрсені табады: ЮНЕСКО тізіміне енген кино қаласы, қаланың таңғажайып табиғи ортасы. Интеллекті мол Мергенге Те Папа ұлттық мұражайы немесе тұрғындарының көпшілігі эндемикалық және Жаңа Зеландияда ғана кездесетін құстар қорығы ұнауы мүмкін.
Веллингтон. Фото pixabay.com
Тауешкі. Мехико қаласы, Мексика
Еңбекқор Тауешкі тау көлінің жағасында ежелгі Теночтитлан қаласын тұрғызған Мехико тұрғындарының мәдениеті мен өміріне тәнті болады. Бүгінде сол Солтүстік Американың дәл осы қаласы ғасырлар бойы өркениетаралық ықпалға ие, мұнда келушілер президент сарайындағы Диего Ривьераның қабырға суреттерін тамашалай алады, Ұлттық антропологиялық мұражайда Мексиканың бай мұрасымен танысып, жақын маңдағы Теотихуакан қаласындағы ацтек пирамидаларына бара алады.
Суқұйғыш. Портленд, Орегон
Прогрессивті, тәуелсіз және идеалистік Суқұйғыш Вилламет өзенінің энергиясын және қаланың айналасындағы жасыл кеңістіктердің көптігін, соның ішінде әйгілі Раушан бағы, Балалар мұражайы және Орегон хайуанаттар бағы бар әйгілі Вашингтон саябағын аралай алады.
Балықтар. Киото, Жапония
Интуитивті, өнерді жақсы көретін Балықтар ғибадатханалары мен ашық аспан астындағы бақтары бар жапондық үлгідегі қала Киотоның эстетикасына таң қалары анық. Киотоның ойын-сауық аудандары гейшалардың үйі болып табылады, олар ең алдымен тамаша ойын-сауықтың хас шеберлері ретінде қарастырылады.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.