Жолаушы ұшақта өзіне маза бермеген сәбиге шағым білдірді

@tiktok.com/@bdfagan

Жолаушы ұшақта өзіне маза бермеген сәбиге шағым білдірді. Турист сәтсіз ұшуы туралы TikTok желісінде айтты, - деп хабарлайды The Sun.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жолаушы ұшақта өзіне маза бермеген сәбиге шағым білдірді. Турист сәтсіз ұшуы туралы TikTok желісінде айтты, - деп хабарлайды The Sun.

Ұшаққа отырған ер адам сапарының сәтті болуын тілеген. Алайда артында отырған сәби кенеттен оның басынан ұстап, құлағындағы құлақшынды жұлып алған. Бастапқыда ол баланың қолын ақырындап алып, осымен бітетін шығар деп ойлаған. Алайда бала мазалауын тоқтатпаған.

"Ата-анасы баласына рейс бойы осылай істеуіне қарсы болмағанына таңғалдым. Мен барынша мейірімді болуға тырыстым. Ал сіз не істер едіңіз", - деп сұрады саяхатшы.

Реклама
Реклама
@bdfagan Kids on planes are the worst #parenting #planes #thetwinz ♬ original sound - Brian and Amanda

Видео 6 миллионнан аса қаралып, 127 мың лайк жинаған. Көптеген қолданушылар ер адамның өзін шыдамсыз деп айыптады, алайда оның жағында болғандар да бар.

"Екі баланың анасы ретінде бұл жағдай дұрыс еместігін айтар едім, ата-анасына ескертуіңіз керек еді. Олар баласына ие болуы керек", - деп жазды әйел.

"Менің де балаларым бар, бірақ мен оларға біреудің құлақшынын түртуге рұқсат бермес едім. Әңгіме балада емес, ата-анасында", - деді екіншісі.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная