Жиһанкез-блогер Динара Болат: "Біз барған күні Нотр-Дам-де-Пари өртенді"

©REUTERS @dinarabolat

Саяхаттау - адам баласына берілген ерекше мүмкіндік. Қазіргі таңда саяхаттауды насихаттап, қыр-сырымен бөлісіп жүрген саяхатшыларымыз да аз емес. Соның бірі және бірегейі - әлемнің 40 елін аралап, оқырмандарымен тәжірибесімен бөлісіп жүрген саяхатшы, блогер - Динара Болат. Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Түркияға қыстауға келдім" деген саяхатшы-блогер Динара Болатпен сұхбаттасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Саяхаттау - адам баласына берілген ерекше мүмкіндік. Қазіргі таңда саяхаттауды насихаттап, қыр-сырымен бөлісіп жүрген саяхатшыларымыз да аз емес. Соның бірі және бірегейі - әлемнің 40 елін аралап, оқырмандарымен тәжірибесімен бөлісіп жүрген саяхатшы, блогер - Динара Болат. Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Түркияға қыстауға келдім" деген саяхатшы-блогер Динара Болатпен сұхбаттасты.

Жаңа бір елге келгенде, бірінші кезекте баратын жеріңіз?

Реклама
Реклама

Бірінші кезекте қаланың ескі бөлігіне барамын. Себебі, сол жерде тұратын жағдайы төмен тұрғындардың тұрмыс тіршілігін бақылап, бұрынғы заманда қалай өмір сүргенін білу мақсатында қаланың тарихы қалған аймақтарды аралаймын. Сонымен қатар, сондай жерлердегі біз бұрын-соңды көрмеген тарихи атмосфераға сай әдемі, әрі шағын кафелер, безендірілген көшелерді көруге болады. Ал егер табиғатта саяхаттау болса, онда су (теңіз, мұхит) жағалауына баруға тырысамын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Bolat (@dinarabolat)

Шетелде жүргенде қандай жағдайда өзіңізді бақытты сезінесіз?

Мен үшін саяхаттағы әдемі сәт - жол. Бір қаладан екіншісіне, көлікпен, автобуспен, пойызбен бару кезінде жол бойынан сол елдің ауылдарын, егістіктерін, табиғат сұлулықтарын көруге мүмкіндік бар. Соны көру арқылы жазушы, ақын, суретші болып кететіндей әсер алып, толғаныста боласың. 

Сондай-ақ, колорит көшелерде жүргенді ұнатамын. Бұл бір бай, дүкендер мен мейрамханаларға толы жарқырап тұрған көшелер емес, қарапайым адамдар қаумалаған тыныс-тіршілігі қыза түскен көшелер. Бәлкім бұл велосипедпен сүт тасып жүрген қария болсын, жүгірген бала, шай сатып отырған әйел деген сияқты. Яғни, осы арқылы шынайы бір құбылысты көруге мүмкіндік бар. 

Барғыңыз келмейтін ел, қала?

Мен үшін ондай ел жоқ. Бірақ аса бір қызығушылық танытпайтын, барлық елдерді аралап болған соң немесе біреу тегін апарса баруға болатын ел деп Мысырды және Біріккен Араб Әмірліктерін айтар ем. "Дубай" деген нәрселерге мен соңғы кезде қызығамын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Bolat (@dinarabolat)

Сіз үшін ең керемет демалыс?

Өзім жоспарлаған, асықпай аралауға уақыт жететін, барған елдің, қаланың қуыс-қуысына дейін көретін мүмкіндік болған демалыс, саяхат мен үшін ең кереметі.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Bolat (@dinarabolat)

Интернетке қосыла алмайтын жерде болуы сіз үшін қиындық туғыза ма?

Қатты бір қиындық туғызбайды. Алайда жиһанкез, блогер болған соң, жаңа бір дүниені көргені сәтімде "темірді қызғанда соқ" демекші алған шынайы әсеріммен әлеуметтік желіде өзіме жазылған оқырмандарыммен бөліссем деген ниет бар. Сондай кезде интернет аса қажет болады. Бірақ қонақүйге жеткенде, WiFi-ға қосылып та жариялауға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Bolat (@dinarabolat)

Саяхат кезінде болған қызықты оқиға?

Саяхат кезінде әр түрлі жағдайдың куәсі боласың, қызықты, шытырман оқиғалар жиі болады. Өзімнің авторлық турларым бар. Пандемияға дейін турлар ұйымдастырып жүрдім. Сондай бір тур кезінде бір топ адаммен Францияға бардық. Жоспар бойынша, Эйфель мұнарасы, Люксембург, Нотр-Дам-де-Пари шіркеуін көруден басталуы керек болған. Біздің топ қонақүйге орналасып, заттарымызды қалдырып жатқанда теледидардан әйгілі шіркеудің өртеніп жатқанын көрдік. Қонақүй әкімшілігі, қызметшілері барлығы улап-шулап, түрлері бұзылып, жылауға дейін барды. Көшеге шыққанымызда, жалпы сол күні қайда бармасақ та, француздардың, жалпы еуропалықтардың көңіл-күйі түскенінен бұл шіркеудің қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Түс ауа өрт болған аймаққа жақындап, бүкіл әлемге жарияланған жаңалықты өз көзімізбен көрдік. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Bolat (@dinarabolat)

Мәдениеті Қазақстанға жақын келетін елдер?

Әзербайжанды, Ресейді ұқсатуға болады. Бірақ біз зайырлы мемлекет болғандықтан, біздің елде барлық мәдениеттен аз да болсада бар. Мысалы Өзбекстанның өзіндік бір колориті бар, сол себепті оларды өзбек елі деп айтатындай өзіндік бояуы мен болмысы бар. Ал бізде ондай жоқ. Сол себепті бір елді нақты Қазақстанның мәдениетіне ұқсайды деп айта алмаймын. 

Сіздің ойыңызша әр азамат әлемнің қай қалаларын көруі тиіс?

Еркін қоғаммен танысу үшін АҚШ. Озық тәжірибемен танысу үшін Скандинавия елдерін, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур. Көріп, шүкіршілік ету үшін Орталық Африка мен Үндістан.

Саяхаттау кезінде не ұнамайды?

Жағдай талғамаймын, сол себепті саяхат кезінде көп нәрсе ұнайды. Мынау нәрсе ұнамайды, мен тек осындай қонақүйде, осындай төсекте жатамын, мынадай тамақ ішемін деп талғамаймын. Саяхатшы болған соң, жол бойында түрлі жағдай, түрлі комфорт, тағам түрлері болады. Кейде тамақ ішуге үлгермей жататын кездер болады. Саяхатшы ретінде ондай жағдайға көндіккен адаммын. 

Кейде бір елдерге барсаң, турист екеніңді білген базардағы сатушы сатып отырған затын үш есе қымбаттатып сатқысы келіп, алдауға тырысатыны ұнамайды. 

Саяхаттау табысты іс пе?

Табысты. Себебі, саяхаттап жүріп жиған білімің, естелік пен әсерің теңдесі жоқ байлық.

Сұхбатты үш сөзбен аяқтасаңыз...

Өкінбейтіндей өмір сүріңіздер!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Bolat (@dinarabolat)

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная