Демалыс кезінде туристердің барлығы да қымбат қонақүйге орналаса алмайды. Кейбіріне жатар орын боса да жетеді. Қалған уақытта турист экукурсияда немесе өздігінен қыдырып жүреді. Осындай кезде хостел ең дұрыс шешім болып келеді. Толығырақ Dni материалында, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Хостелді брондау алдында ол туралы жазылған пікірлермен танысып алған жөн. Егер сурет пен жазбалар сәйкес келмесе, бұл ойландыратын жағдай. Хсотелдің қайда орналасқаны да маңызды.
Инфрақұрылым, орналасу мен кету уақыты, нысанның техникалық жабдығы, депозиттің барына баса назар аудару қажет.
Хостел әдететте қонатын орынды ғана қанағат көретіндер үшін бюджетті шешім. Онда бір төсек пен заттар салу үшін шкаф ұсынылады. Кейде екі қабатты төсектер де тұруы мүмкін. Кейде жеке бөлмелер болады. Сонымен қоса, капусла хостелдер кең таралып жатыр.
Хостелдерде жуынатын орындар ортақ келеді, сондықтан кезекке тұрып қалуыңыз әбден мүмкін. Алайда хостелдерді ыңғайлы көретіндер де бар: мәселен жаңа адамдармен танысуды, тұрып жатқан жеріне аз ақша жұмсауды ұнататындар. Ал труистік маусым кезінде кейбір отандық хостелдерде бос орын табылмай жатады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!