Гаджетті үстелге қоймайды және мейрамханада өзіңді ұстаудың өзге бес ережесі

© pixabay.com/StockSnap

Әрбір тамаша демалыстың кешінде адамдар бар әсем киімін киіп, мейрамханаға барады. Біреулер отбасылық тышыш орындарды, өзгелер думан-той мен салтанатты қалайды. Бірақ мейрамхана қаншалықты жоғары деңгейде болса, ондағы шарттар соншалықты көп. Осы орайда этикеттің басты ережелерін еске салып өтейік.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әрбір тамаша демалыстың кешінде адамдар бар әсем киімін киіп, мейрамханаға барады. Біреулер отбасылық тышыш орындарды, өзгелер думан-той мен салтанатты қалайды. Бірақ мейрамхана қаншалықты жоғары деңгейде болса, ондағы шарттар соншалықты көп. Осы орайда этикеттің басты ережелерін еске салып өтейік.

1. Гаджеттер

Реклама
Реклама

Телефонды еш тастамайтындар да оны тығып қою керек. Смартфонды үстелге қоймаған жөн. Әрине кейде "ас атасын" суретке түсірмеуге болмайды, алайда фотоны кейін жарияласа болады.

2. Ыдыстар

Егер король отбасына қонаққа барсаңыз пышақ пен шанышқыдан шатасу кешірімді. Алайда мейрамханаларда да осы ыдыстардан шатасуға болады, сол үшін: оң қолыңыздың тұсындағысы ет тағамдарына арналған (балық пен өзгесі де осында кіреді).

Жапырақты салаттар пышақсыз желінеді. Бірден бірнеше бөлік кесіп қою мен шанышқыны оң қолға алған - әдепсіздеу болады. Ас ішіп болғаннан кейін шанышқы, пышақ пен қасықты тарелкенің үстіне қояды - егер тағам ұнаса бір-біріне паралель, ал ұнамаса - пышақты шанышқы арасына салып қиғаштайды.

3. Майлықтар

Мата майлықтар - ол сәндік декоры емес, оны бұлғаудан қорықпаңыздар. Бастысы оларды мойынға тығып, кеудеңізге жауып алмаңыз. Бүктеулі майлық тізеңізде жату керек, сусын ішкен сайын ерінге әкеліп құрғату үшін және саусақты да сүрту үшін. Асты ішіп болған соң оны тарелкенің қасына қояды (бәрақ бүктемейді).

4. Сыпайылық

Тым қатты сөйлеу немесе күлу өзгелерге ыңғайсыздың тудыруы мүмкін. Бір үстелдегі адамдар асқа бірге кірісу керек. Сосын керек затқа үстел үстімен созылудың керегі жоқ, жаңа келген адамдармен де құшақтаспайды.

Ақшаны даяшының қолына созбайды. Егер қызмет ұнамаса, шайпұл тастамауға да болады (бірақ кейде ол шотқа кіріп кетеді).

5. Тағам таңдау

Әйел адам тағамды бірінші таңдайды, ер адам шотты ас ішіп болған соң сұрайды.

6. Өзге ерекшеліктер

Шынтақты дастарқанға қоюға мүлде болмайды. Сөмкені орындыққа іледі немесе жерге қояды. Егер ыдыс жерге құласа, даяшыны шақырасыз.

Ыстық тағамға үрлемейді, оның суығанын күтеді.

Шарап бокалын жіңішке тұсынан ғана ұстайды. Тәркелкені бұрмайды, асты бөлшектеу ыңғайсыз болса, тағамды шанышқымен бұрып алу керек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная