Билеттер сатып алу, қонақүйге тапсырыс беру және саяхатқа шығу - қарапайым турист үшін көп қиындық тудырмайды. Азаматтардың барлық санаттары үшін бұл процесс бірдей болуы керек, яғни "қолжетімді орта" қандай болуы керектігін бәрі білуі тиіс. Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар саяхатшылар үшін арнайы жағдайлар жасалып келеді, осы орайда Tengritravel.kz тілшісі демалысты жақсы көңіл күймен өткізу үшін үшін орындалуы тиіс тармақтардың тізімін дайындады.
Сонымен, ең алдымен, тур-агенттікке Сізге немесе Сіздің отбасы мүшеңізге/досыңызға көмек қажет болатындығы туралы алдын ала ескерту қажет, әсіресе егер ол жалғыз ұшатын болса. Екіншісі - барлық қажетті заттармен жабдықталған қонақүйлердің арнайы тізімімен танысуды ұмытпаңыз. Үшіншісі - дәрігерден ұшуға рұқсат туралы анықтаманы алып жүру. Инклюзивті демалыс туралы бізге қазақстандық тур-операторының қызметкерлері толығырақ айтып берді.
"Біздің компанияда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін турларды таңдайтын бағдарлама бар. Осы бағдарлама аясында біз азаматтардың белгілі бір санаттары үшін жабдықталған және қозғалыс пен тұру үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз ететін қонақүйлерді іздейміз. Азаматтардың осы санатына ерекше назар аударылады, себебі инклюзивті демалыстың мамандандырылған шарттары әуежайға кіреберістен бастап, тікелей қонақүймен аяқталады", - деп түсіндірді ANEX компаниясының маманы.
Осылайша, ережеге сәйкес, әуежай қызметкерлері жолаушыларды әуежайға кіреберісте қарсы алып, ұшаққа отырғызады, ал әуе компаниясының қызметкерлері жолаушыны отырғызу және түсіру кезінде, сондай-ақ ұшақтың салонына орналастыру кезінде көмек көрсетуге міндетті. Ерекше қажеттілік кезінде тасымалдау зембілмен жүзеге асырылады.
Қазақстандық тур компаниялар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қажетті инфрақұрылымы бар қонақүйлермен тығыз жұмыс істейді. Мысалы, Maxx Royal Belek Golf & Resort қонақүйі бассейнге түсу үшін арнайы лифтпен жабдықталған, ал Asteria қонақүйлерінің желісінде жабдықталған пандустардан басқа жағажайларда арнайы төсемдер көзделген. Crystal Palace Luxury Resort & Spa қонақүйінде тіпті нашар көретін және зағип туристер үшін мәтіннің Брайль қарпімен көшірмесі бар. Selectum Luxury Resort Belek және Lonicera World Resort & Spa арнайы қонақтар үшін толық жабдықталған - бейімделген бөлмелерден, дәретханалардан бастап арбаларға дейін.
Туроператор мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген қонақүйлердің тізімін табу және толықтыру бойынша үнемі жұмыс істейді.
"Біз брондау сәтінен бастап қолдау көрсете аламыз, яғни жолаушылар мен оны сүйемелдеушіні кезектен тыс тіркеу, ұшу кезінде багажды ресімдеу және оны ұшып келу кезінде алу, қол жүгін тасымалдауда көмектесу", - дейді тур оператор.
Денсаулық ерекшеліктері бар турист үшін ең бастысы - дәрігерден ұшуға рұқсат туралы анықтаманың болуы, сондай-ақ туроператорды мүгедектіктің болуы туралы ақпараттандыру. Әуе компания да рейсте азаматтардың осы санатының бар екендігі туралы хабардар етіледі.
Көптеген әуекомпания, мысалы VJ AIR, Turkish Airlines, Air Astana, Sunday Airlines, Red Sea, FlyArystan, Mavi Gok Aviation (MGA) әуе тасымалдаушыларында ерекше қажеттіліктері бар туристерді тасымалдау үшін барлық жағдайлар жасалған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!