Еңбек демалысы қанша күнге созылуы керек?

Екі апталық еңбек демалысының бір апталық демалысқа қарағанда артықшылығы көп: ол салыстырмалы түрде ұзаққа созылады. Алайда ғылыми зерттеулер нәтижесіне сәйкес, адам тек ерекше жағдайларды ғана еске алады. Сол себепті қосымша күндер айтарлықтай маңызды емес, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ferra басылымына сілтеме жасап.

Психолог әрі Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеманның айтуынша, қысқа демалыс ұзақ демалысқа қарағанда артықшылығы көп.

Адамның есте сақтау қабілетін зерттеу кезінде, демалыстан кейін бірнеше уақыт өткен соң оның қанша күнге созылғаны маңызды емес. Тек оның еске алуға себеп болған сәттері маңызды.

Негізінде адам екі түрлі "менге" ие. Бұл "мен әсерлімін" және "мен еске аламын". Біріншісі қазіргі уақытта сезетінімізге байланысты, ал екіншісі - біздің еске алатынымызға байланысты. Бақытты болу осы екіншісіне байланысты.

Бақытты болу мен қанағаттану демалыстан кейін қандай естеліктер қалғанына байланысты, сол себепті ұзақ демалыс - қаражат пен уақыттың бос шығыны.

Канеман қысқа мерзімді демалысты таңдауға кеңес береді. Ми есте қаларлық жағдайлар мен жаңа дүниелерді сақтайды. Ал екі апталық демалыс үнемі қызыққа толы болады деген сөз емес. Сол себепті демалыстың қанша күнге созылғаны маңызды емес.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!