Эмиграцияға бел байлаған адам қандай кезеңдерден өтеді?

© pixabay.com/mariananistor35

Қуаныш пен эйфория сезімі әдетте эмиграцияға шешім қабылдаған адам өтетін бірінші кезеңде ғана болады. Ары қарай көбісінде тұрмыстық қиындықтар мен одан да күрделі мәселелердің шешімі тұратыны анық. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге басқа елге қоныс аударған адамның қандай күрделі төрт кезеңнен өтетіні жайлы толығырақ баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қуаныш пен эйфория сезімі әдетте эмиграцияға шешім қабылдаған адам өтетін бірінші кезеңде ғана болады. Ары қарай көбісінде тұрмыстық қиындықтар мен одан да күрделі мәселелердің шешімі тұратыны анық. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге басқа елге қоныс аударған адамның қандай күрделі төрт кезеңнен өтетіні жайлы толығырақ баяндайды.

Ғалымдар эмигранттардың жаңа өмір жағдайына бейімделу процестерін ұзақ уақыт бойы зерттеп келеді, өйткені көшіп-қону қазіргі уақытта өмірдің әдепкі бөлігіне айналды. Жаңа жерге үйрену механизмін сипаттайтын әртүрлі теориялар пайда болды. Олардың ең танымалы бейімделудің U-қисық түрі екен және ғалымдар оны күні бүгінге дейін зерттеп келеді.

Туристік кезең

Реклама
Реклама

Бұл теория бойынша бейімделудің бірінші кезеңінде адам көшіп келгеннен кейін эйфория сезінеді: «Мен осындамын, менің қолымнан келді, мен үшін ешқандай кедергі жоқ». Бұл кезең шындыққа сыни көзбен қарауды төмендетеді, эмигранттың көңілі жағымды сезімдерге, жаңа орындар, дүкендер, жаңа дәм мен иіс, қоршаған орта мен ойын-сауыққа ден қояды.

Сонымен қатар, бұл кезеңде көшіп-қонудың жүйке жұқартарлық тұстары мен құжат жинаудың күйбелеңі аяқталып, адам арқасын кеңге салып, демалады. Туристік кезең ең қысқа, ол 6 аптаға дейін созылады. Айтпақшы, қалған үш кезең көп жылдарға созылуы мүмкін.

Тоқырау кезеңі

Мәселелер күн санап өсуде. Эмигранттың көңілінде туған жері туралы тың естеліктер сайрап тұр, сондай-ақ ол өз елімен еріксіз салыстыра бастайды. Көбінесе бұл оның өз елінде санасына сіңіп қалған стереотиптермен бетпе-бет кездеседі, кейде олардың қисынға келмейтінін де түсініп жатады.

Дәл осы кезеңде үйреншікті ортаға қайта оралуға деген құштарлық пайда болып, күйзеліске төтеп бере алмаған адамдар өз еліне оралады. Көптеген адамдар не үшін келгенін есінен шығарады, туған елі тыныштық пен жайлылық мекені сияқты сезіледі, ақырында демалып, күйзелістен арылуға өзімен-өзі бола алатын орын ретінде қабылдайды.

Бейімделу кезеңі

Келесі кезеңде қордаланған мәселелер баяу және бірте-бірте шешіле бастайды, жергілікті халық арасында алғашқы жақын таныстар пайда болады, әріптестермен қарым-қатынас жақсарады.

Күнделікті қиындықтар енді ыңғайсыздық тудырмайды, тек етене таныс нәрсені ғана емес, жаңа нәрсені сынап көру мүмкіндігі басым бола бастайды.

Эмигрант бірте-бірте іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін табады, айналадағы әлем енді соншалықты үмітсіз және түсініксіз болып көрінбейді. Жаңа ел бірте-бірте барған сайын түсінікті болып көріне бастайды.

Бикультурализм кезеңі

Бұл кезеңде мигрант өзін қоршаған әлемге толығымен бейімделген, оған адамдармен қарым-қатынас жасау жеңіл, күнделікті жағдайлар енді ыңғайсыздықты тудырмайды. Оған жаңа ел ұнай бастайды, бірақ сонымен бірге ол өз елімен салыстырмай, оның жағымды және жағымсыз жақтарын сыни тұрғыдан бағалай алады.

Бұл кезеңде жағдай толығымен тұрақтанады, жағымсыз эмоциялар пайда болмайды немесе өте сирек кездеседі.

Адамның тұлғасы эмоционалды түрде күшейіп, төзімді болады. Ол стресстік жағдайларда тез шешім қабылдауға қабілетті. Дегенмен, эмигрант жан дүниесіне екі мәдениетті сіңіреді. Оның алға жылжуға күші айтарлықтай жетеді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная