Екінші локдаун туристік агенттіктерге үлкен қауіп тудырады

Осы жылдың аяғында туристік агенттіктердің 61 пайызы құлдырауға ұшырайды, 88 пайызы 2021 жылдың маусымына дейін табыс көзінен айырылады. Бұл туралы Travel Weekly мақаласында жазылған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Advantage Travel Partnership консорциумы және Travel Gossip қауымдастығы Ұлыбритания билігінің жаңа карантиндік шараларын енгізгеннен кейін Facebook-те туроператорлар арасында сауалнама жүргізді. Хабарламаға сәйкес, тәулік ішінде 401 агенттік жауап берген. Қатысушылардың жауаптарынан белгілі болғандай, егер халықаралық сапарларға тыйым салу келесі жылдың бірінші жартысына дейін ұзартылса, респонденттердің 27 пайыздан астамы бюджетсіз қалады. Шілдеге дейін туроператорлардың тек 12  пайызы ғана жұмыс істейді.

1Мұндай нәтиже үрей туғызады. Өкінішке орай, олар туризм индустриясының қазіргі жағдайын сипаттайды1, - дейді туристік агенттіктің өкілі Джулия Ло Бю-Саид.