Демалыс - аздап тынығып, ойыңызды жинақтап алудың таптырмас мүмкіндігі. Тіптен билет сатып алып, демалыс күндерін басқа елде саяхаттап, жергілікті тағамдарды, көшелерді зерттеп, тұрғындармен сөйлесіп өткізуге де болады десе, қалай қарайсыз? Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге демалыс күндері кішігірім саяхатқа баратын бюджеттік бағыттар жайлы баяндайды.
Баку
Бакуге барудың өзіндік көптеген себептері бар: жұмсақ, жылы қысы, күннің жылы болуы, виза қажет емес, тікелей рейстердің қолжетімді болуы, дәмді ұлттық тағамдары, қызықты көрікті жерлері.
18 жастан бастап Бакуге барғысы келетін кез келген адамға вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын COVID-19 вакцинасының (екі доза) төлқұжатын көрсетуі қажет. 15 сәуірден бастап Әзірбайжан Республикасына кіру үшін ПТР сынағы талабы жойылды. Тек толық вакцина алған адамдар ғана кіре алады.
Баку. @Shutterstock
Бакуге Қазақстаннан 8 рейс бар. Алматыдан Air Astana мен AZAL алты рет, Ақтаудан FlyArystan мен AZAL алты рет, Ақтөбе-Бакудан Qazaq Air-ге екі рет. Астанадан немесе Алматыдан FlyArystan лоукостерінде бір ауысыммен бір жаққа билет құны 46 000 - 47 000 теңгені құрайды.
Маусым емес кезде арзан қонақүйдегі екі орынды бөлмені орталықтан ары қарай 10-12 еуродан жалға алуға болады (4700 - 5700 теңге). Ескі қалада немесе оның төңірегінде бір бөлме 15-20 еуро (7000 - 9500 теңге) аралығында болады. Ескі қаладан ары жақсы қонақүйдегі бөлме 20-25 еуро (10 000 - 12 000 теңге), ал Ескі қаладағы қонақүйде 30-35 еуро (14 200 - 16 600 теңге) аралығында болады. Жоғары маусымда баға 15-20 пайызға жоғары. Бес жұлдызды қонақүйде бөлме 100 еуродан (47 606 теңге) басталады. Жатақханадағы орындардың бағасы 4-5 еуродан (2500 теңге) басталады.
Тбилиси
Қазақстаннан Тбилисиге Астана, Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалаларынан 15 рейс бар. Лоукостер Грузияның Кутаиси қаласына Астана, Атырау, Ақтау және Шымкенттен де ұшады. Кутаисиден Тбилисиге дейін көлікпен немесе автобуспен үш сағатта жетуге болады.
15 маусымнан бастап шетел азаматтарына Грузияға кіру үшін ПТР сынағы/вакцинация құжаты қажет етілмейді. Қазақстандықтарға елде 365 күн болу үшін виза қажет емес.
Тбилиси. Фото pixabay.com
Жалпы, Тбилисиде саяхаттау арзан. Мысалы, метромен немесе автобуспен бір жол жүру 1 лари (166 теңге) тұрады. Тұрақты таксимен жүру - 0,3-тен 0,8 лариге дейін (100-150 теңге). Таксидің орташа құны (5 шақырым) 4 лари (700 теңге), ал жолдағы әрбір келесі шақырым тағы 0,5 лари (80 теңге) тұрады. Тбилисиде Bolt, Яндекс.Такси және Такси Максим жұмыс істейді.
Қонақүйлер екі орынды ең арзан нұсқаларын ұсынады - 8-10 еуро (3800-4700 теңге). Қонақүй нөмірі 11-13 еуродан (5 000 - 6 000 теңге), орталықта - 16-20 еуродан (7 000 - 10 000 теңге) басталады. Үш жұлдызды қонақүйде - 17-20 еуродан (7 000 - 10 000 теңге). Хостелдегі бөлмені 6 еурода (2800 теңге) табуға болады.
Ереван
Арменияға кіруге арналған коронавирус талаптары енді жарамсыз. Осылайша, әуежайларда орнатылған бақылау-өткізу пункттері арқылы кіру кезінде саяхатшыларға ПТР сынағы немесе вакцинация құжатын көрсету қажет емес.
Қазақстаннан Арменияға аптасына жеті рейс бар: Ақтау мен Алматыдан Ереванға.
Еревандағы қоғамдық көліктер - автобустар, троллейбустар, тұрақты таксилер және метро. Метрода, қалалық автобустар мен троллейбустарда бір рет жүру 100 драм (115 теңге) тұрады. Шағын автобустардың жолақысы 100-ден 300 драмға дейін (100-300 теңге) тұрады. Такси құны 500 драм (576 теңге), ал бір шақырымы 100 драм (115 теңге) тұрады. Ереванда Яндекс.Такси және Bolt жұмыс істейді.
Ереван. Фото pixabay.com
Ереванда 13-тен 16 еуроға дейінгі бағада (6 000 - 7 600 теңге) қонақүйлердегі екі орынды бөлмелерге үлкен таңдау бар. Қонақүй нөмірлерінің бағасы 20-25 еуродан (9500 - 11800 теңге) басталады. Үш жұлдызды қонақүйдегі нөмір жақсы көрінісі мен орналасқан жері бойынша 35-40 еуро (16 000 - 19 000 теңге) аралығында болады. Жатақхана - 3-5 еуро (1400 - 2300 теңге). Қымбат емес дәмханадағы түскі ас: 2500 драм (2800 теңге), фастфуд - 1100 драм (1200 теңге).
Ереван бай ежелгі мәдениеті пен таңғажайып тау көрінісімен қызықтырмай қоймайды. Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Армения басқа еш жерден таба бермейтін ерекше жерлерді ұсынады. Айбынды Арарат тауын тамашалап, ең ұзын аспалы жолмен жүріп, кешке қаланы армансыз аралап, дудуктың әуенімен таңғажайып шараптан дәм татыңыз.
Ыстамбұл
Ыстамбұл саяхатшыларды жыл он екі ай қызықтырары сөзсіз, бірақ бұл әдемі қалаға қыркүйек айынан қазанның соңына дейін саяхаттап барсаңыз, осы уақыт ең керемет кезең деп айтуға болады.
Бір күндік шығын әртүрлі болуы мүмкін, біреу шығынын 20 долларға (9 546 теңге) сыйғызса, біреуге тіпті жүз доллар да (47 732 теңге) жетпейді. Үш жұлдызды қонақүйде бір күндік бөлмені орта есеппен 20 долларға (9546 теңге) жалға алуға болады. Ақша үнемдегіңіз келсе, хостел іздеуге болады. Ыстамбұлда олардың саны аз. Қолайлы жерден төсек жалдау шамамен бес доллар тұрады. Ыстамбұлда жалға берілетін пәтерлер көп. AirBnb-де сіз жақсы жерде орналасқан және шатырға шығуға болатын пәтер таба аласыз. Бағасы тәулігіне 30-50 еуро (14 745 - 24 576 теңге) болуы мүмкін..
Ыстамбұл. Фото pixabay.com
Туристерге метро, трамвай, фуникулер, метробус, электр пойыздары қызмет көрсетеді. Жол ақысын төлеу үшін Istanbul Card қажет. Кепілдік жарна 14 лираны (372 теңге) құрайды, оны кейін картаны өткізіп, кері қайтаруға болады. Қаладағы автоматтарда, дүңгіршектерде сатылады. Картасыз көлікті пайдалана алмайсыз. Метро, фуникулёр, автобус, трамвай, аспалы жол, пароммен саяхат - 7,67 лира (203 теңге).
Егер сіз екі сағат ішінде басқа көлікке немесе басқа метро желісіне ауыссаңыз, бұл карта бойынша келесі жол жүру құны 5,49 лираны (146 теңге) құрайды. Екінші рет ауысып отыру - 4,17 лира (110 теңге), үшінші және одан кейінгілері - 2,63 лираны (70 теңге) құрайды.
Ыстамбұлда кез келген турист міндетті түрде мұражайларға, мешіттерге және басқа да көрікті жерлерге барады. Олардың кейбіреулеріне тегін баруға болады. Мысалы, Айя-София мешіті, Сұлтанахмет, Гүлхане саябағы және Гранд базар. Ыстамбұлда көптеген free-walking-турлар бар: бір, екі, үш. Также сэкономить поможет абонемент для экскурсий по музеям.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.