Бір күнге қайда ұшып баруға болады? Қазақстандықтарға арналған рейстер тізімі ұсынылды

Егер бір күндік саяхатқа шығар болсаңыз? Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі ерте ұшып, кеш қонатын рейстер тізімін ұсынады.

Бұл материалда Алматы және Астана әуежайларынан ұшатын рейстер көрсетілген. Біз бір күнге атмосфера ауыстырғысы келетін саяхатшылар үшін сенбіде таңертең ерте ұшып және жақын күні кеш қонатын рейстерді табуға тырыстық.

Астана қаласынан

Ыстамбұл саяхатшыларды жыл он екі ай қызықтырары сөзсіз, бірақ бұл әдемі қалаға қыркүйек айынан қазанның соңына дейін саяхаттап барсаңыз, осы уақыт ең керемет кезең деп айтуға болады.

Бір күннің бюджеті әртүрлі болуы мүмкін, біреу өз шығынын 20 долларға (9546 теңге) есептесе, ал біреуге тіпті жүз доллар да (47 732 теңге) жетпеуі мүмкін. Үш жұлдызды стандартты қонақүйдің бір күндік бөлмесін орташа есеппен 20-30 долларға (9546 теңге) жалға алуға болады.

Астанадан Ыстамбұлға екі рейс жұмадан сенбіге қараған түні таңғы сағат үш пен төртте ұшады. Ол тіптен жақсы! Сіз бір түнде әсем қала Ыстамбұлда оянасыз және сенбі күні таңертең атақты түрік таңғы асының дәмін татуға болады. Әуе компаниялары - Pegasus Airlines және Turkish Airlines. Қайту уақытын сенбі күні кешке немесе жексенбі күні таңертең жоспарлауға болады. Сенбі күні «Air Astana» 22:30-да және Turkish Airlines 19:35-те рейс жасайды. Жол жүру уақыты - 4-5 сағат. Барлық тасымалдаушыларда баға әртүрлі. 76 мың теңгеден басталады. Жексенбі күні SCAT, Pegasus Airlines және Turkish Airlines әуе компанияларынан 15:00, 18:30 және 19:30-да рейстер жүзеге асырылады.


Ыстамбұл. Фото pixabay.com

Астана әуежайынан Мәскеуге рейс жұма күні кешке жүзеге асырылады. SCAT әуекомпаниясы 20:10-да ұшады. Внуково әуежайына келеді. Жол жүру уақыты - 3 сағат. Осылайша, жұма кешін Ресей астанасында өткізуге болады. Қайту билетін келесі күнге сол әуе компаниясынан сатып алуға болады. Мәскеу уақытымен 21:30-да ұшып шығу. Сол күнде сатып алу билетінің бағасы ересек адамға 90 мыңнан басталады. Мұндай сапарды алдын ала жоспарласаңыз, билеттер әрине арзан болады.

Мәдени демалысты ұнататындарға Санкт-Петербургке баруға болады. Астанадан жұма күні 20:50-де SCAT әуе компаниясының рейсі бар. Аты аңызға айналған аула-құдықтарды, зәулім сарайларды тамашалаңыз, , мұражайға барыңыз және, әрине, көпірлердің қалай көтерілгенін көруге болады. Бір күннен соң, яғни жексенбі кешке қайтуға болады. Жол жүру уақыты - 4 сағат.

Минскіге рейс сенбі күні таңғы сағат 4-те ұшады. Айтпақшы, Беларусь астанасында драник, жур, верашчака, крамбамбуля, налистник және кулага атты қызық атаулары бар тағамдарын татып көруге болады.

Алматы қаласынан

Алматыдан Мәскеуге жұма күні кешкі сағат 19.00-де SCAT ұшағымен шығуға болады. Қайту рейсі жексенбіге қараған түні 22:40-де ұсынылады. Мәскеуде уақыт тез өтеді: мұнда қызықты сәулет өнері, көрнекті кескіндеме және мүсіндік композициялар шеберлерінің туындылары қалалық мұражайларда жинақталған, ал театрларда кәсіби шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді.


Мәскеу. Фото @pixabay

Алматылықтар Бішкекке жұма күні сағат 21.00-де Air Astana ұшағымен бара алады. Қайту уақыты сенбі күні сол әуе компаниясымен сағат 20.00-де ұсынылады. Билеттер 90 мың теңгеден басталады. Қалада ауа-райы тамаша, ұзақ серуендеуге және көрікті жерлерге баруға қолайлы.

Бішкекке туристер Қаракөлдегі шаңғы базасы үшін қыста жиі барады. Шаңғы базасы Қаракөл қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан. Бішкектен бұл қалаға дейінгі қашықтық 400 шақырым, яғни бес сағаттық жол. Такси бағасы 6000 сом (35000 теңге), шағын автобус 500 сом (3000 теңге).


Бишкек. @Shutterstock

Жұма күні сағат 22.00-ге таяу Ташкентке рейс ұшады. Сенбі күні Алматыға рейс жоқ. Дегенмен, жексенбі күні сағат 19.00-де Өзбекстан әуе жолдарымен ұша аласыз. Билет бағасы 120 мыңнан басталады.

Сенбі күні таңғы 6-да Air Astana сізді Стамбулға жеткізеді. Бұл қаланы бір күнде аралап шығу мүмкін емес, әрине, өйткені көптеген маңызды көрікті жерлер бір жерде, Еуропа жағындағы ескі орталықта шоғырланған. Оны тек жаяу жүру арқылы тамашалауға болады. Тікелей рейстер жексенбі күні түнде кері ұшады: Air Astana мен Turkish Airlines үш рейсі тоғызда, кешкі онда және таңертең бірге жоспарланған.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.