Бортсерік ұшақта жолаушы қайтыс болғанда экипаждың не істейтінін айтты

Шина Мари есімді бортсерік TikTok желісіндегі парақшасында әуеге көтерілген ұшақ бортында адам қайтыс болған жағдайда экипаж мүшелері не істейтінін айтты. Оның айтуынша, ұшақтың соңғы қатарында бос орындар болмаса, қайтыс болған адам ұшақ әуежайға қонғанға дейін өз орнында қала береді. Осылайша оның жанында отырған адамдарға мәйіттің жанында отыруға тура келеді. 

"Егер жолаушыда инфаркт болса және бастапқы жүрек-өкпе реанимациясы оларға көмектеспей, қайтыс болса, біз ештеңе істей алмаймыз. Денесін қозғалтпай, қай жерде болса да тиіспей, соңғы межелі жерге жеткенше күтеміз", - деді бортсерік.

Егер ұшақта бос орын болса, мысалы артқы жақтағы орындар бос болса, мәйітті көрпемен орап, сол орынға қояды. Егер бос орын жоқ болса, онда ол бортқа қонғаннан кейін медицина қызметкерлері көтерілгенге дейін өз орнында қалады.