Біле жүріңіз. Ұшаққа қол жүгімен не алып кіруге болады?

Қол жүгінде ұшақ бортына алып кіруге рұқсат етілген заттар ғана болу керек, сондықтан оның тізімі шектеулі. Бұл авиациялық қауіпсіздік талаптары. Ендеше шектеулерге түсіп қалмас үшін ескере жүру керек талаптар бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Рамблер" қол жүгіне қандай заттар рұқсат етілгені жайлы чек-парақты жариялап отыр. Жүктің ішіндегімен қоса, әуе компаниясының жүктің салмағы мен өлшемін де шектетйтінін ұмытпаңыздар.

  • Құжаттар мен билет. Ең бастысы осы.
  • Ақша. Ақша мен банк карталарын ұшақтың жүк тиейтін орнына емес, өзіңізбен алып кіріңіз.
  • Қымбат техника. Ноутбук, фотоаппарат, планшет. Мұның бәрі жүк тиетйтін орында сынып қалуы мүкін, сондықтан оны қол жүгімен бортқа алып кіріңіз.
  • Құлаққап. Адамдар оны үйде ұмытып кетіп жатады, ал әуежайда олар бірнеше есе қымбат сатылады.
  • Дәрі қобдишасы. Егер созылмалы ауруыңыз болса. Бастысы арнайы дәріні әуе компанияның ережесімен тіркетіп алу қажет.
  • Қуаттаушы құрал. Ұшақта телефон қуаттайтындай тоқ көзі жоқ.
  • Тамақ. Әуе компаниясы бәрін тегін бермейді. Сондықтан өзіңізбен кино тамашалап отырып тіске басатын снектер алыңыз.
  • Көз тамшылары мен крем. Ұшақта ауа өте құрғақ, сондықтан көз тамшылары керек болып қалады. Алайда ұшаққа косметиканы 100 милллилитр көлемінде ғана алып кіруге болады.
  • Жылы шұлық немесе плед. Ұшақтарда үнемі кондиционер жұмыс істеп тұрады, сондықтан салқын болуы мүмкін.
  • Жастық. Ұшақта ыңғайланып ұйықтап алу үшін жастық өте керек.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!