"Бәріңе сәлем, мен мұнда бір аптаға келдім". Неліктен Tinder қосымшасы әрбір туристтің смартфонында болуы қажет?

Tinder - ең танымал танысу қосымшасы. Оны дүние жүзінде 50 миллионнан астам адам пайдаланады. Бұл қосымша негізінде көптеген қолданушылар кең көлемде танысып қана қоймай, өмірлік серіктерін де кездестірді. Сонымен қатар, Tinder жаңа қалада жылдам таныс-дос табудың жақсы тәсілі болды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы қосымша арқылы шетелдегі сапарыңызды қалайша қызықты, әрі мағыналы етуге болатыны жайлы баяндайды.

Tinder қызметі өте қарапайым: пайдаланушыға одан белгілі бір қашықтықта орналасқан ер адам немесе әйелдердің фотосуреттері (таңдау түріне байланысты) көрсетіледі (қашықтықты да реттеуге болады). Ол оңға (таңдауды мақұлдау) немесе солға қарай басып (бас тарту) таңдай алады. Қосымша бір-бірін ұнатқан пайдаланушылар арасында жұп жасайды. Сонымен қатар, тегін нұсқасында сізге кім ұнатып, лайк басқанын көре алмайсыз.

Саяхатшыларға ақылы "алтын" нұсқасы жақсы қызмет көрсетеді. Ол шексіз лайк басуға (тегін нұсқада сырғыту мүмкіндігі шектеулі), сізді ұнатқан адамдарды көруге және, ең бастысы, баратын жерін алдын ала белгілеу арқылы қалаңызды өзгертуге мүмкіндік береді.

Неліктен Tinder?

Статистикаға сәйкес, әр елде әртүрлі танымал танысу қосымшалары бар. Мысалы, Шығыс Еуропада Badoo-ны көбірек пайдаланады, ал неміс тілінде сөйлейтін елдерде - Lovoo қосымшасы. Дегенмен, Tinder әлемдегі ең танымал қосымша болып қала береді. Сонымен қатар, ол романтикалық кездесулер үшін ғана емес, саяхат үшін де қолданылады.

Фото ©Shutterstock

2016 жылы американдық Wayup қосымшасы 200 студентке сауалнама жүргізді: тең жартысынан көбі романтика емес, дос табу үшін Tinder қосымшасын пайдаланатынын айтқан. Әрине, америкалық студенттерден басқа кім сізге жергілікті арзан дәмханалар мен барларды көрсетіп, құпия сауық-сайран кештеріне алып бара алады? Басқа зерттеулерге сай, саяхат бөлімі сауалнамадағы ең қажетті, әрі танымал болып қала бермек.

Бұл әсіресе іссапарларға жиі баратын немесе бейтаныс жерде демалуды жоспарлайтындар үшін дұрыс. Бұл Tinder қосымшасының негізгі күші - бұл тек бір-бірін ұнатқан адамдарды таныстырады.

Tinder-саяхатшыларының оқиғалары

25 жастағы Энтони Ботта - қонақүйлерге бір тиын да жұмсамай әлемді аралаудың жолын ойлап тапқан бельгиялық саяхатшы. Жігіт қыздармен Tinder қосымшасында танысады, кездесуге барып, олардың үйінде тұрады. Бельгиялық жігіт Еуропаның 20 қаласында саяхаттап, әр қаладан 21 қызбен танысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tinder Surfer (@zebotta)

Энтони өзінің әдісін "tinder-саяхат" деп атайды (ағылшынша tinder-surfing, CouchSurfing-ге ұқсас - үлкен онлайн қызмет, оның мүшелері саяхат кезінде түнейтін орын іздеп, бір-біріне көмектеседі). Бельгиялық жігіт әлеуметтік желілерде өзінің шытырман оқиғаларымен бөліседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tinder Surfer (@zebotta)

Есіңізде болсын, Энтони Tinder Plus қосымшасының ақылы қызметін пайдаланады, бұл сіздің өмірлік серігіңізді кездестіргіңіз келетін қаланы таңдауға мүмкіндік береді. Айтпақшы, көптеген саяхатшылар сапарын алдын ала белгілеп, жолға шықпас бұрын жергілікті тұрғындармен танысып алғанды жөн санайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tinder Surfer (@zebotta)

Пысық жігіт сапарында қорқынышты сәттер де, тамаша сәттер де болғанымн айтады. Саяхат барысында ол өзін жақсырақ танығанын айтады. Екі айдың ішінде Энтони Нидерланды, Германия, Австрия, Венгрия, Польша, Словакия және Чехияны аралап үлгерген. Энтони әлі үйленбеген және өз махаббатын іздейді. Ал алматылық жігіт Әли махаббат іздемейді, оның сүйікті қызы бар. Бірақ қосымшаны пайдаланады, оны сүйіктісі де біледі екен, тіпті кейбір сұлуларға лайк басып та қоятын көрінеді. Әлидің айтуынша, ол қыздармен қызықты оқиғаларын тыңдау үшін хат алмасады екен, оны тіпті сүйіктісі де біледі. Ол өз парақшасында Павлодар қаласында асынан өткен қызықты оқиғасымен бөліскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tinder Surfer (@zebotta)

"Қолым бос болғандықтан, жолсапардағы әдетім бойынша, Tinder-ге кірдім. Дана атты қыздың сауалнамасын оқып қалдым: "Шаш қиюға модель жігіттер керек. Егер сен бос болсаң төмендегі батыраны бас", - деп жазылған екен. Бастым. Біз тез тіл табысып, одан кейін WhatsApp арқылы сөйлесіп кеттік. Сөйлесіп, келісіп, міне, мен шаштаразда отырмын", - деп жазады жігіт.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Али Аманов (@amanov_ali)

Белгілі болғандай, қыз - жаңадан бастаған шаштараз болып шықты. Кейінірек, мен жаңадан бастаушы жандарға Tinder керемет мүмкіндік деген ой түйдім.

"Мұнда тұрған еш әбестік жоқ. Ол өте қобалжып тұрды. Бірақ мен оған бәрі жақсы болады деп, қолдау білдірдім, шынымен бәрі ойдағыдай болды. Әрине, шаш қию бір жары сағат уақытты алды, есесіне ұқыпты, таза болғандықтан, көңілімнен шықты. Ешқандай артық-ауыс әңгіме болмады. Бірақ әртүрлі тақырыпта әңгіме қозғадық", - деп жалғастырды әңгімесін алматылық жігіт.

Нәтижесінде жігітке шаш қиғызу небәрі 200 теңгеге шыққан. Жігіттің айтуынша, нәзік жандылармен шынайы сөйлесу жақсы қарым-қатынасқа алып келері анық.

Фото © Shutterstock

Cosmopolitan журналының оқырманы да өзінің шетелдік тиндер-таныстығымен бөліседі.

"Менің iPhone-да барлық қосымша белгілі бір категорияға бөлінеді. Tinder "Саяхат" категориясына кіреді. Мысалы, сіз "Бәріне сәлем! Мен наурыздың 3-інен 5-іне дейін Ослодамын " десеңіз, сізге техно-сауық кештерінен бастап, филармониялқ концерттерге дейін әртүрлі шақыртулар келеді. Егер сіз өз жұбыңызбен хат алмасып жүрсеңіз, қатты сезім білдіруден абай болыңыз. Алдымен жан-жақты танысып, білісу қажет. Қауіпісздік шараларын да естен шығармаңыз", - дейді жас қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nathan Chandra-Masters (@nate_masters)

Бұл мәселеде қауіпсіздік басты орында болуы қажет.

Сенсеңіз де, тексеріп алу қажет

Шетелдік азаматтармен етене таныстық әсіресе шетелдерде қауіпсіз саналмайды, бірақ итальяндық, ирландтық және француздық азаматпен бір-екі хат алмасуда тұрған ештеңе жоқ.

Бірақ бір апта болса да, хат жазысқан адамды танып-білдім деу ерте, әрине, әрі сіз оның есі дұрыс, сізге қауіп төндірмейтініне кепілдік бере алмайсыз. Сезікті жағдай туындағанда, оны өшіріп тастауға, WhatsApp-тан бұғаттап тастауға қысылмаңыз. Әрі мынадай жағдайларға да назар аударуыңызды сұраймыз.

- суреті жоқ болса; Мұның қызығы сонда, 25 жастағы студент-заңгер Луиджи 55 жастағы Марио болып шығуы мүмкін;
- суретте жүзі толық көрінбесе;
- аты-жөні жазылмаған, әлеуметтік желіде сілтемесі көрсетілмеген;
Как отмечают эксперты, скорее всего, этот человек не ищет новую дружбу;
- сізден үнемі сурет жіберуіңізді сұраса;
- сізге шамадан тыс жағымды сөздер айта бастаса;
- адам аз жүретін жерге кездесуге шақырса;
Сонымен, қауіп төндіретін жандар кезігіп қалмайтындай, профильді қалай толтыруға болады?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tinder India (@tinder_india)

Tinder саяхат саулнамасы қандай болуы керек?

Қосымшада сіз кіммен кездескіңіз келетінін жасына, жынысына қарай таңдауға болады. Маңызды нәрсе - фотосуреттер. Бізге ұнаса да, ұнамаса да көпшілік сырт келбетіне қарай таңдайды. Сондықтан сіз тым ашық-шашық фотосуреттерді жарияламауыңыз керек. Суда жүзетін киіммен, ашық және белден төмен қарай түсірудің қажеті жоқ. Жылы күлімсіреген суреттер болса жеткілікті. Тағы бір рет қайталаймыз: "Селфи керек емес". Кәсіби фотосуретке біраз ақша салған да дұрыс немесе достарыңызға қалаңыздың әдемі жерлерінде суретке түсіріп алуын өтініңіз. Сондай-ақ, алдыңғы сапарлардағы кейбір фотосуреттерді де жүктеп салуға болады.

Басты назарды профиль сипаттамасына аударыңыз. Суреттің астындағы бос ұяшық сіздің кім екеніңізді, қандай мақсаттар көздейтініңізді түсіндіре алмайды.

Фото © Shutterstock

Сізге саяхатшы екеніңізді және белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде болатыныңызды және жергілікті немесе басқа саяхатшылардан жолсерік іздейтініңізді егжей-тегжейлі жазуды ұсынамыз. Сіз меңгерген тілдерді көрсеткен жөн. Аты-жөніңізді және жасыңызды қосуды ұмытпаңыз.

Ашық қарым-қатынас жасап және жаңалыққа жақын болыңыз. "Төлқұжат" қызметін пайдалануды ұмытпаңыз. Сапарға бір күн қалғанда басқа қалаға "көшіруді" ұсынамыз - осылайша сіз алдын ала серіктер тауып, хат алмасып, кездесу ұйымдастыра аласыз. Саяхатқа шықпас бұрын жергілікті мәдениеттің ерекшеліктері туралы біліңіз, серіктеріңіз қандай мессенджерлерді пайдаланады, оны да біліп алыңыз. Сондай-ақ. "Буст" қызметін пайдаланыңыз - ол сіздің профиліңізді жарты сағат ішінде бірнеше есе көбірек көрсетіп көрінеді, таныстық санын арттырады.

Таныстықты бастау көптеген пайдаланушылар үшін ең қиын нәрсе. Әрине, "Сәлем! Қалайсың?" деп жазудың қажеті жоқ, бұл сөз тіркесі қазірдің өзінде көптеген әзілге негіз болды. Оның орнына сарапшылар әзілден бастауды ұсынады. Егер сіз әзілдеуге қиналсаңыз, серігіңіздің суретіне қызығушылық танытуға болады, қалай және қайда түсірілгені туралы сұрақ қоя аласыз. Күмәнданып тұрсаңыз, жай ғана жылы лебіз білдіріңіз.

Өзіңіз туралы айтыңыз, сұрақ қоюдан және шет тілінде қате жазудан қорықпаңыз. Есіңізде болсын, сіздің әңгімелесушіңіз болашақ дос болуы мүмкін, ал дос сізді әрқашан түсінеді.

Фото © Shutterstock

Жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас жаңа тіл, жаңа мәдениетті үйрену, сол елдің тарихы мен менталитетін зерттеу үшін, сапардан кейін де достық қарым-қатынасты сақтау үшін де пайдалы болмақ.

Білу маңызды

Қолданбаның өзіндік рейтинг сауалнамасы бар, ол пайдаланушының танымалдылығына байланысты жасалады, лайк саны, хат алмасу ұзақтығы және т.б. Сондықтан сіз қарайтын жұптардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ, өтініште ерлер мен әйелдердің арақатынасы 68 және 32 пайызды құрайтынын білу маңызды, сондықтан жұптарыңыз болмаса, онда ренжудің қажеті жоқ, керісінше жоғары сапалы фотосуреттермен жұмыс жасаңыз және сипаттамалар дұрыс жазыңыз. Сол сияқты, егер пайдаланушыға хат жазсаңыз және ол жауап бермей жатса, сізге де ренжудің қажеті жоқ - мүмкін адам басқалармен сөйлесіп жатуы мүмкін, кейбір пайдаланушылар үшін сәйкестіктер саны әр адамға күніне екіден аспайды, ал басқалары күніне бірнеше ондаған "лайк" алып жатады.

XXI ғасырға, Tinder және басқа қосымшаларға саяхатшыға сол жердің кереметін жергілікті тұрғын көзқарасымен тамашалай алатын мүмкіндік тудырғаны үшін алғысымыз шексіз. Енді тіпті ата-анаңмен барған саяхат та қызықты өтпек, ал шетелдік таныс-достарыңның саны да арта түспек. Бірақ саяхатта барынша рахаттанып демалуыңыз үшін бірге барған серіктеріңізбен де керемет уақыт өткізуге болатынын ұмытпаңыз. Егер жалғыз шыққан болсаңыз, жолсерік іздеп, қиналмай, жаңа жерлерді көріп-білуге, тың жаңалықтарды ашуға ешнәрсе кедергі бола алмайды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.