Іскерлік сапарларға мамандандырылған Carlson Wagonlit Travel қызметінің сарапшылары әртүрлі себеппен чемодандарын багажға беруден және заттарын қол жүгі ретінде тасымалдаудан аулақ болатын саяхатшыларға бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Hospitality Net сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылардың кеңесі мынадай:
1. Сапарға капсула гардеробын жасаңыз, бір-бірімен үйлесетін, бір-бірін оңай алмастыратын және әр жағдайға сәйкес келетін заттармен шектеңіз.
2. Өзіңізбен бірге артық зат алмаңыз. Мүмкін сіз межелі жерде сауда жасағыңыз келетін шығар, содан кейін оны өзіңізбен бірге алып жүресіз. Сондай-ақ, шаш кептіргіштерін, душ гельдерін, сусабындарды және қонақүйде қолжетімді барлық затты өзіңізбен бірге алмаңыз.
3. Саяхат үшін әртүрлі органайзерді қолданыңыз, олар заттарды ықшам жинауға көмектеседі.
4. Чемоданды қолданыңыз. Бақытымызға орай, саяхатшылар үшін қазір түрлі чемодан бар. Сіз отыратын әуекомпанияның қол жүгі талаптарына сәйкес келетін біреуін таңдай аласыз. Сонымен қатар, чемодандарда арнайы бөліктер, қалталар бар, бұл көп нәрсені алуға көмектеседі.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!