Кез келген әуежайда жолаушылар қатаң сақтауы керек ережелер бар. Мысалы, сізді ұшу алдындағы аймаққа отырғызу билетінсіз өткізбейді. Багажды тіркеу бағанасында өткізіп, ұшақ бортына небары 100 грамнан аспайтын құтыға сұйықтық алып өтуге болады. Бұдан да басқа әуежайда істемеу керек әрекеттер жетерлік, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі tonkosti.ru басылымына сілтеме жасап.
Әзіл-оспақ
Тексеру қызметінің тұнжыраған маманының көңіл көтеру үшін әзілдесудің соңы жақсылыққа апармауы мүмкін. Мысалы, суық қаруды үйіңізде ұмытып кеткеніңіз туралы айтар болсаңыз, тиянақты тінтуге ұрынып, тіпті полиция қызметкерлері араласуы мүмкін. Әуежай қызметкерлері белгіленген нұсқаулық бойынша жұмыс істейді, сол себепті олар сіздің әзіл айтып тұрғаныңызды пысқырмауы мүмкін. Әсіресе бұл АҚШ, Канада және Еуропаның бірнеше елдерінде қатаң сақталады.
Бейтарап тақырыптарға да әзілдеудің қажеті жоқ. Сол себепті түсініспеушілік болмас үшін барынша салқынқанды болыңыз.
Қолжүгін пленкамен орауға тыйым салынған
Мұндай күдікті багажды бірден тексереді, олар тіпті құрылғы арқылы қауіпті зат көрмесе де сізді әбігерге салады. Сіздің мұндай қадамға неліктен барғаныңызды ешкім білмейді, бәлкім сіз бортқа қауіпті зат алып кіру үшін әдейі ештеңе көрсетпеу үшін арнайы материал қолдануыңыз мүмкін ғой.
Тексеру қызметінің мамандарымен дауласпаңыз
Қауіпсіздік саласының қажетсіз тексеру ережелерін айтып, налымаңыз. Олар үшін бұл белгі: бейадекват жолаушы, дереу шара қолдану қажет. Ал шара түрлі болуы мүмкін.
Кеденшілердің сұрағын жауапсыз қалдырмаңыз
Олардың сұрақтары не әрекеті ақылға қонымсыз болса да жауап беріңіз. Үнсіз қалсаңыз - бақылау алаңында тұрып қаласыз не болмаса мүлде өте алмауыңыз мүмкін. Сізді күдікті ретінде қабылдап, қосымша тексеруге жібереді.
Кеденшілермен достасқыңыз келсе де - бұл әрекетіңіз олар үшін түсініксіз болады. Ол сіздің жымиғаныңызды елемеуі мүмкін, алайда сөзге айналдырғысы келіп тұр деп ойлауы ықтимал. Ары қарай не болатынын өзіңіз де білесіз.
Роликтер мен самокаттарға тыйым салынады
Роликтер, самокаттар, лонгбордтар, сегвейлер, велосипедтер және басқа да қозғалыс құралдары әуежай аумағында тыйым салынған. Қолға алып жүруге болады, мінуге тыйым салынады. Мұны балаларыңызға да ескертіңіз!
Шуламаңыз
Музыканың дыбысын қатты қою немесе видеоны құлақшынсыз көруге тыйым салынады. Кейде мұны жолаушылар елемей жатады, осылайша басқаларға кедергі келтіреді. Ережеге бағынбаған адамға басқа жолаушылар әуежай қызметкерлеріне шағымдануы мүмкін, осындайдан ескерту алуға да болады.
Әуежай қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салынады
Көптеген елдердің әужайларында "суретке түсіруге тыйым салынады" деген ескертулер тұрады. Әсіресе кеденшілер мен тексеру кезінде әуеайлақ мамандарын суретке түсіруге не бірге суретке түсуге талпынбаңыз. Мұның соңы жақсылыққа әкелмесі анық.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.