Әуежай қызметкері ұшақ бортындағы ең көп "жоғалатын" затты атады

Америкалық Virgin Atlantic әуе компаниясының қызметкері ұшу барысында жолаушылардың қандай затты жиі жоғалтатынын айтты. Бұл туралы осы салада 16 жылдық тәжірибесі бар Кэти Джонсон (Kathy Johnson) тасымалдаушының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеода айтты.

Осылайша, Джонсон алдағы уақытта әуе кемелерінің салонында AirPods құлаққаптарын іздеу бойынша "нағыз сарапшы" болатынын ирониямен атап өтті. Бәлкім бұл құбылыс саяхатшылардың құлағынан оңай түсіп қалатынымен не кішкентай болуына байланысты шығар. Олар орындықтың қуыстарына түсіп кетеді екен.

Статистикаға сәйкес, туристер рейстерде жоғалтатын он зат: iPad, ұялы телефон, мойын жастығы, су құйылған бөтелке, гардероб заттары, шарф, көзілдірік, оттық, камера мен төлқұжат бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Virgin Atlantic (@virginatlantic)