"Әуедегі қыз" ұшақта өрт шыққанда қандай шара атқарылатынын айтты

© instagram.com/himmelvind

Әлеуметтік желіде "Әуедегі қыз" атымен танылған Самал есімді бортсерік қыз ұшақ бортында өрт шыққан жағдайда қандай шаралар атқарылатынын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде "Әуедегі қыз" атымен танылған Самал есімді бортсерік қыз ұшақ бортында өрт шыққан жағдайда қандай шаралар атқарылатынын айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

"Егер ұшақта ауқымды өрт ошағы пайда болса, онда толық жану уақыты 90 секундты құрайды. Сол үшінде ұшақта құтқару жұмыстары 90 секундтың ішінде аяқталу керек", - дейді Самал. 

Сондай-ақ, ол өрт болған жағдайда экипаж мүшелері қандай іс атқаратынына тоқталды.

Реклама
Реклама

"Біріншіден дереу экипаж мүшелерінің бәрі өрт жайлы ескерту алады. Бортсеріктер өртті сөндіруге кіріседі: қажетті өрт сөндіргіш, арнайы түтіннен қорғайтын капюшонды киеді, кейде апаттық балта мен қолғап қолданылады. Басқа бортсеріктер кислородтық баллондарды алысқа ауыстырып, жолаушылар салон ішінде өрт болса барынша жолаушыларды қауіпсіздендіру шараларын жасайды. Егер өрт ауқымы мен келтірген зарасы үлкен болса, онда ұшақ жақын арадағы әуежайға апаттық қону туралы сұраныс жасайды", - дейді бортсерік қыз. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная