"Әуедегі қыз" Boeing және Airbus айырмашылықтары туралы айтты

Әлеуметтік желіде "Әуедегі қыз" атымен танылған Самал есімді бортсерік қыз ең танымал ұшақ маркалары туралы салыстырып жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Стюардесса екі ірі әуекомпания қазіргі таңда өздерінің ұшақтарымен бүкіл әлемде бірінші орында тұрғанын айтады. Бұл ұшақтардың өзіндік айырмашылықтары сыртқы қөзге тез түседі.

"Америкалық Boeing-тің тұмсығы үшкірлеу келсе, Еуропалық Airbus тұмсығы дөңгелектеу келеді.
Boeing навигациялық шамдары жалғыз жарқылды шамдары болса, Airbus-тың шамдары екі жарқылды болады. Airbus артқы бөлігі ұшақтың корпусына тегіс ағады, ал Boeing форкиль немесе аэродинамикалық жотасы бар, артқы бөлігі бұрышты болып келеді. Шасси. Airbus-тың шасси бөлімінде негізгі қақпақшалары бар, ал "Боингте" жоқ", - дейді Самал. 

Ұшқыштардың айтуынша, Airbus ыңғайлы және қауіпсіз болса да, Boeing қалыспайды екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✈ Әуедегі қыз (@himmelvind)