© airht.info © airht.info

"Әуедегі қыз" Boeing және Airbus айырмашылықтары туралы айтты


Әлеуметтік желіде "Әуедегі қыз" атымен танылған Самал есімді бортсерік қыз ең танымал ұшақ маркалары туралы салыстырып жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Стюардесса екі ірі әуекомпания қазіргі таңда өздерінің ұшақтарымен бүкіл әлемде бірінші орында тұрғанын айтады. Бұл ұшақтардың өзіндік айырмашылықтары сыртқы қөзге тез түседі.

"Америкалық Boeing-тің тұмсығы үшкірлеу келсе, Еуропалық Airbus тұмсығы дөңгелектеу келеді.
Boeing навигациялық шамдары жалғыз жарқылды шамдары болса, Airbus-тың шамдары екі жарқылды болады. Airbus артқы бөлігі ұшақтың корпусына тегіс ағады, ал Boeing форкиль немесе аэродинамикалық жотасы бар, артқы бөлігі бұрышты болып келеді. Шасси. Airbus-тың шасси бөлімінде негізгі қақпақшалары бар, ал "Боингте" жоқ", - дейді Самал. 

Ұшқыштардың айтуынша, Airbus ыңғайлы және қауіпсіз болса да, Boeing қалыспайды екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✈ Әуедегі қыз (@himmelvind)


Осыған ұқсас мақалалар

Стюардесса жолаушыларға аша бермейтін құпияларын бөлісті Стюардесса жолаушыларға аша бермейтін құпияларын бөлісті
Стюардесса ұшар алдында қабылдануы мүмкін зиянды тағамдар туралы айтты Стюардесса ұшар алдында қабылдануы мүмкін зиянды тағамдар туралы айтты
Ұшақпен сапарға шығарда қаперіңізде болсын Ұшақпен сапарға шығарда қаперіңізде болсын