25 қаңтар 2024 09:58

"Ашық түсті чемодандарды таңдамағаны дұрыс". Маман себебін түсіндірді

© pixabay.com/G37G

Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы саяхат кезінде ашық түсті чемодандарды алып жүрудің қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily STAR басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы саяхат кезінде ашық түсті чемодандарды алып жүрудің қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily STAR басылымына сілтеме жасап.

Шахзад Әлидің сөзінше, сәнді көрінгенімен, мұндай чемодандар жұрттың назарына жиі ілігеді. Сарапшы оның орнына адамның көзіне түсе бермейтін, тіпті кей жағдайда ұсталған чемоданды қарастыруға кеңес берді.

Реклама
Реклама

"Жаңа және қанық түсті чемодан сәнді болып көрінгенімен, ол сізге ғана емес, көпшілікке де тартымды болады. Тым ерекшеленбеу үшін қарапайым түрлерін, мүмкіндігінше тозған чемоданды таңдаған дұрыс", - деп атап өтті ол.

Маман чемоданға мықты құлып салу керек екенін айтты. Айтуынша, құлып заттардың жоғалып кетуінен сақтайды. Сондай-ақ сарапшы чемодандарды шатастырмау үшін жіп немесе стикер сияқты идентификаторды жапсыруды ұсынады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram