Әр жолаушы білу керек: ұшар алдында не жеуге болмайтыны айтылды

Ұшақта адамда іш кебетін және ішектің жұмысына қатысты басқа да жағдайлар жиі болып жатады. Осыған байланысты диетологтар ұшаққа отырар алдында қандай асты жемеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Диетолог Лаура Браун ағза ұшақ салонындағы қысымның өзгеруіне байланысты адам денесіндегі ауа қысымын реттеу үшін барын жасайтынын түсіндірді. Ал ұшақта берілетін тағамдар мұздатылған және өңделген болады. Олардың құрамында ас қорытуды нашарлататын түрлі қоспалар мен қышқылдар болуы ықтимал.

Диетолог Алекс Гловер болса, ұшақ бортындағы тағамдардың құнарлығы төмен екенін айтады. Онда жасұнық аз, қант, тұз бен консервант көп, ал олар ас қорытуды нашарлатады.

Міне осы үшін ұшардан 24 сағат бұрын мына кеңестерді ұстанған жөн:

Үйде дайындалу

Доктор Браун ұшаққа отырардан бір тәулік бұрын жасұнығы бар тағамдар тұтынып, асты асыра көп ішпей, барынша өсімдік қосылған тағамдарды пайдалануға кеңес берді. Бұл ішек саулығын бұзбайды.

Ал дитеолог Гловер ұшу кезінде көбірек су ішкен дұрыс дейді. Өйткені ұшақта ылғалдық төмен, осыдан ағза құрғап кетеді. Ал ағзада судың жетіспеуі іштің кебуін тудырады екен.

Жеуге болмайтын тағамдар

Ұшақпен сапар алдында іште газ тудыратын асты тұтынбаған жөн. Олар фасоль, брюссель және түсті орамжапырақ, кешью, пияз, сарымсақ, дәнді батончиктер, сүт өнімдері және құрамында инсулин жасұнығы көп өнімдер немесе қант сироптары.

Жасұнығы бар өнімдерді де асыра пайдаланбаған жөн, бұл асқортуды бұзады. Спаржа, брокколи және ақ орамжапырақты да көп жемеген абзал. Оған қоса, құрамында қанты жоқ сағыз да қиындықтар тудырады екен.

Судың балансы

Көбірек су ішу қан айналымы үшін жақсы және асқортуды жақсартады. Дәретханаға уақытылы баруға жеткілікті су мөлшері артық натриді табиғи жолмен сүзуге мүмкіндік береді. Демек әр сағат сайын 0,25 литр су ішіп отырған абзал.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!