Алматы әуежайының тұрағынан көлікті қалай алуға болады

Алматы әуежайында әуе айлағының тұрағынан автокөлікті қалай алу керегі және тұраққа төлем қандай күндері алынатыны туралы айтылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Құрметті жолаушылар! Егер сіздің автокөлігіңіз Алматы халықаралық әуежайының аумағында қалса, онда сіз оны кез келген күні, таңғы 08.00-ден кешкі 21.00-ге дейінгі аралықта ала аласыз", - делінген Алматы әуежайының хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty International Airport (@almatyairport)

Бағаны есептеу кезінде 5 қаңтарды қоса алғанда тұрақ күні қосылатын болады. Қалған күндер ескерілмейді. Тұрақ үшін жабық паркинг, касса және оператор арқылы төлеуге болады. Сондай-ақ жолаушылар жеке заттарын әуежайдағы сақтау камераларынан ала алады.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуежайдың полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде іздеуде жүрген адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!