Әлемдегі ең үздік дайвинг бағыттары аталды

Фото: pixabay.com

Ең үздік дайвинг орындарының рейтингі жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Time Out сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ең үздік дайвинг орындарының рейтингі жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Time Out сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылар жазғы демалыс кезінде ашық ауада демалуды ұнататын әуесқойларға аквалангпен сүңгіп көруді ұсынады. Дайвинг - теңіздер мен мұхиттардың жабайы табиғатының әсемдігін тамашалаудың бірегей мүмкіндігі. Терең суға түсуге жүрексінетін адамдар снорклингпен айналыса алады. Олар таяз суда жүзу арқылы тропикалық балықтарды бақылайды.

Сonfused.com сайты дайвингке арналған ең үздік орындардың тізімін жариялады. Тасбақалар, акулалар, маржандар және көптеген балық түрі мекендейтін Үлкен тосқауыл рифінің арқасында Аустралия бірінші орынды еншіледі. Онда сүңгуірлердің көзайымына айналған ең танымал балықтардың 44 түрі бар.

Реклама
Реклама

Одан кейінгі орынға АҚШ тұрақтады. Флорида Кис, Калифорния шығанағы аралдары және, әрине, Гавай аралдары алуан түрлілігімен, жасыл теңіз тасбақаларымен және скорпендермен таңғалдырады.

Үшінші орынды Индонезия, Жапония және Тайвань иеленді. Индонезиядағы Раджа Ампат пен Комодо ұлттық паркі теңіз жылқыларымен танымал, ал Жапонияда акулалардың түр-түрін кездестіруге болады. Ал Тайвань тропикалық балықтарымен танымал.

Әлемдегі ең үздік дайвинг бағыттары төмендегідей:

1. Аустралия;

2. АҚШ;

3. Индонезия, Жапония, Тайвань;

4. Папуа-Жаңа Гвинея, Филиппин;

5. Египет, Малайзия, Жаңа Каледония.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная