Алданып қалмаңыз! Қонақүй таңдауда қажетті кеңестер

Қонақүй таңдау - әдеттегі жағдай, бірақ өте маңызды. Алайда кей елдерде жағымсыз жағдайға түсіп қалмас үшін тоқтайтын орыныңызды жіті тексеріп алған дұрыс. Ендеше мына пайдалы кеңестерге құлақ асқан жөн болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туристас басылымына сілтеме жасап.

Брондау сервистеріндегі пікірлермен танысу

Белгілі сервистердегі пікірлер сізге қонақүйдің шынайы сипатын білуге көмектеседі. Алайда кейде бағасын өсіру үшін жалған пікірлер де жазылатын жағдайлар болады. Жалған пікірлерде қателік жиі кездесетінін ескеріңіз.

Қонақүйді картадан табу

Қонақүй туралы пікірді "Яндекс", Google және басқа да сервитсерден табуға болады. Осындағы ақпарат пен брондау сервистеріндегі мәліметті зертей отырып, сіз оң мен солды ажырата аласыз.

Қонақүй қожайынымен хабарласу

Қонақүйдің өзіне хабарласып, қандай қызмет ұсынатынын біліңіз. Егер сізбен сөйлескен қызметкер немесе қонақүй қожайыны жылы әсер қалдырса, интуиция сізді алдамайды. Дегенмен сену бар да, тексеріп алу деген бар.

Қонақүй орналасқан аудан туралы біліп алу

Бұл да маңызды, оның сізге саяхатшы ретінде әсері бары сөзсіз. Іс жүзінде тұрмыс деңгейі төмен аудандардағы қонақүй қожайныдары рейтингті қолдан көтеріп алады, осылайша сіз алданып қаласыз. Егер қонақүй орналасқан аудан жақсы болса, онда алдау да болмайды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!