Тұрғын үй мәселесін, баспана алудың тиімді жолдарын жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram желісінде оқырмандарын ғарышқа саяхаттауға шақырды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.
Dauletten қайырымдылық қорының иесі оқырмандарын 5 миллион доллар тұратын саяхатқа аттануға дайындалуға шақырды.
"Ыстамбұлға ұшып болсақ, енді ғарышқа ұшуға дайындалайық. 2025 жылы ғарыштағы қонақүй құрылысы басталып, 2027 жылы аяқталмақ. "Voyager Station" осылайша, 400 туристке қызмет етпек. Бұл қонақүйде әлемнің ең үздік аспаздары, мамандары қызмет ететін болады. Космосқа ұшу құны - 5.000.000 доллар. Теңгеге шақсақ, қазіргі құны 2 миллиард теңгеден асады. (2027 жылы доллар бұдан да жоғары болады). Ғарыштағы қонақүйден күн, ай, жер планетасы өте жақсы көрінбек. Кім ұшқысы келеді? Қол көтерейік", - деп жазды блогер.
Сондай-ақ, Дәлет еліміздегі құрылыс жұмыстары ұзаққа созылған ғимараттарды сынға алды.
"Біз мына жер бетіндегі LRT сала алмай, Абу-Даби құрылысын 10 жылға сағызша созып келеміз... Жұрттың балалары, 2 жылда қонақүй салмақ. Ещё космооооста", - деп түйіндеді ол.