2024 жылы саяхатшылар неден қауіптенетіні анықталды

pixabay.com

Саяхатшылар жазатайым оқиғалардан гөрі лаңкестік әрекеттер мен ереуілдерден қорқады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Travel Pulse сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Саяхатшылар жазатайым оқиғалардан гөрі лаңкестік әрекеттер мен ереуілдерден қорқады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Travel Pulse сайтына сілтеме жасап.

Қаңтардың соңында Global Rescue өзінің бұрынғы және қазіргі мүшелерінің арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 1500-ден аса саяхатшы атсалысты. Оған қатысқандардың 36%-ы ереуілдер мен лаңкестік әрекеттерден қорқатыны белгілі болды

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі саяхат кезінде апатқа ұшыраудан немесе ауырып қалудан сескенеді екен. Бұған дейін 2023 жылдың көктемінде жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша саяхатшылардың 50%-ы осы екі пункті белгілеп, басты қорқынышы екенін атап өткен.

Реклама
Реклама

Саяхатшылардың 7-9%-ы сапары жүзеге асырылмай қалады деп қауіптенсе, тағы бір бөлігі ұрлықшыларға тап боламын деп алаңдайтын көрінеді.

Ал 5%-ы коронавирус тестінің оң нәтижесінен үрейленіп, табиғи апатқа тап болудан қорқатын көрінеді.

Бұдан бөлек сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы Газадағы қақтығыстар тәрізді әлемдікегі дағдарысты атап өткен. Олар саяхат барысында шұғыл эвакуациялауды немесе басқа да шараларды қамтитын қосымша опцияларды қарастыратынын жасырмады.

"Бүкіл әлем бойынша саяхатшылардың алаңдаушылығы артқанын байқаймыз. Дегенмен халықаралық саяхатшылар ереуіл, соғыс және терроризм қаупінің артуына қарамастан саяхаттауды тоқтатпайды. Соның нәтижесінде туристердің шұғыл медициналық қызметтерге сұранысы артты", - деп атап өтті Дэн Ричардс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная