Полиция қазақстандық саяхатшыларға үндеу жасады

Фото:depositphotos.com

Полиция қазақстандықтарды туристік агенттіктерді таңдағанда мұқият болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция қазақстандықтарды туристік агенттіктерді таңдағанда мұқият болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаз мезгілінің басталуына байланысты демалысын шетелде өткізгісі келетін азаматтар саны да артады. Шетелге саяхаттағысы келген тұрғындар көбіне туристік агенттіктердің қызметіне жүгінеді. Алайда, мүліктік пайда табу мақсатында азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, ақшасын заңсыз иеленетіндер де кездеседі.

Мысалы, маусымда полиция бөліміне Ақтөбе тұрғыны туристік агенттікке алданғаны туралы арызданды. Тергеп-тексеру барысында мамырда Ақтөбеде орналасқан туристік агенттіктердің бірінде оның басшысы әуе билеттерін алып беретінін айтып алдау жолымен жәбірленушінің 250 мың теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденгені анықталған.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында аталған туристік агенттік басшысының басқа да бірнеше тұрғынды осындай жолмен алдағаны анықталып жатыр.

"Осыған байланысты полиция шетелге саяхаттамақ болған азаматтарды моральдық және қаржылық залалдардан сақтану үшін туристік агенттіктерді таңдауда аса сақ болуға, алдын ала төлемдер аудармауға, жасалған келісімшартты мұқият оқуға, олардан барлық туристік құжаттарды талап етуге және алдын ала тексеріп алуға шақырады", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная