Сианнан Алматыға алғашқы туристік пойыз 1 шілдеде келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Сиань қаласы мэриясының (ҚХР) басшылығы ҚХР-дан Алматыға алғашқы туристік пойызды іске қосу бойынша келіссөздер жүргізді.
Тараптар 2024 жылғы 26 маусымда Сиань қаласынан құрамды іске қосуға және оның 1 шілдеде Алматыға келуін ұйымдастыруға келісті.
"Құрамында 246 жолаушы жеткізетін 9 вагон болады деп жоспарланып отыр. Пойыз Қорғас-Алтынкөл шекара өткелі арқылы өтеді", - деп жазылған "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарламасында.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!